Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба (БСГҚ) – ағзаның әлсіреуімен, қызба, геморрагиялық синдроммен және бүйректің зақымдануымен сипатталатын табиғи-ошақты ауру. Аурудың қоздырғышы адамның қатысуынсыз ашық табиғатта тышқан тәріздес кеміргіштерде үнемі айналыста жүреді. БСГҚ-ның табиғи ошақтары Ресейдің біздің облысымызға шекаралас жатқан Оренбург, Самара, Саратов облыстарымен шектескен аудандарда кездеседі. Батыс Қазақстан облысында БСГҚ ауруы алғашқы рет 2000 жылдан бастап тіркеле бастады. 2013 жылы БСГҚ-ның 2 оқиғасы, 2014 жылы -12, 2015 жылы - 3, 2016ж – 4, 2017 ж -12, 2018ж - 6, 2019 жылы – 2, 2020 жылы -1 оқиға тіркелді.
Ағымдағы жылдың 9 айында облыс аймағында бүйрек синдромды геморрагиялық қызба ауруы тіркелген жоқ. Негізінде аурушаңдық күз-қыс мезгілдерінде тіркеледі.
Табиғатта ауру көзі және вирустың резервуары болып тышқан тәріздес егеуқұйрықтар (жирен өріс тышқаны, далалық тышқан, сұр және қара тышқандар мен әртүрлі сұр өріс тышқандарының түрлері) болып табылады.
Егеуқұйрықтардан адамдарға ең басты таралу жолы – ауа-шаң арқылы (егеуқұйрықтардың зақымдалған бөлінділерін шаң арқылы жұту, шөп, бидай, ағаш дайындау, балық аулау, жеміс жидек және саңырауқұлақ теру кезінде); тағам немесе алиментарлық (егеуқұйрықтардың бөлінділерімен зақымдалған тағамдарды қолдану мен лас қол арқылы), қарым-қатынас (ауру жануармен тікелей қатынаста болу, тістеу, егеуқұйрықтарды бөлшектеу мен ашық жарақаттарға бөлінділер түскен кезде) арқылы.
Инкубациялық кезеңі 7 күннен 46 күнге дейін, жиі 21-25 күнге дейін созылады.
Ең басты симптомдары – жедел басталып, дене қызуының 39-400С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, бас ауру, бет пен терінің кілегей қабықтарының қызаруы. 3-4 күннен соң дене қызуының төмендеп, бел, іш аймағында ауырсыну, денеде бөртпе, бүйректің зақымдалу (зәр мөлшерінің азаюы) белгілері байқалады. Аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде шұғыл түрде дәрігерге қаралу қажет.
БСГҚ қарсы профилактикалық егулер жоқ.
БСГҚ алдын алу бойынша іс-шаралар
Эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешенінде спецификалық емес алдын алу негізгі болып саналады:
Бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның алдын алу мақсатында, Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдың 9 қазанынан бастап дезинфекция қызметінің мамандары БСГҚ бойынша қолайсыз елді мекендерде тосқауылдық дератизацияны жүргізуде.