Жамбыл облысында тұмау вирустарының айналымын анықтау мақсатында жіті респираторлық вирустық ифнекциялармен ауыратын науқастардан 64 материал зерттелді. Нәтижесінде В типті тұмау вирустарына және басқа респираторлық вирустарға (риновирус - 4, парагрипп - 1) 6 оң үлгі анықталды.
Ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражатына тәуекел тобындағы адамдар үшін тұмауға қарсы вакцинаның 94266 мың дозасы сатып алынды және қазіргі уақытта облыстың барлық өңірлерінде тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны жүргізілуде.
2022 жылғы 1 қазаннан бастап Жамбыл облысы бойынша тиісті контингенттен 31705 адам егілді, бұл 33,3 % құрады.
Қалған санаттар үшін Тараз қаласының № 2 қалалық емханасында халықтың өз қаражатына егу ұйымдастырылған.
Бірінші және ең бастысы, науқас басқаларға қауіп төндіретінін есте ұстауы керек, өйткені тұмау – бұл ұжымдық ауру.
Науқасты бөлек бөлмеге оқшаулап, дәрігерді үйге шақырып, оның барлық ұсыныстарын сақтау керек, өйткені тұмаудан кейінгі әртүрлі асқынулар, әсіресе тыныс алу органдары (пневмония, бронхит және басқалар) аурудың ұзаққа созылуына және ұзақ уақыт жұмыс қабілетінен айырылуына әкеледі.
Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алудың негізгі ережелері:
- Қолдың тазалығы. Қолыңызды жиі сабынмен жуыңыз немесе дезинфекциялау құралын қолданыңыз.
- Ауызға, мұрынға, көзге жуылмаған қолмен тигізбеңіз.
- Үйде және жұмыста үстел бетінің тазалығын сақтаңыз. Қоғамдық орындардағы беттер мен заттарға қол тигізуді мүмкіндігінше шектеңіз.
- Жөтелу және түшкіру кезінде мұрын мен ауызды жабыңыз. Бір рет қолданылатын майлықтарды немесе түшкіргенде шынтақ иілісі қолданыңыз.
- Басқа адамдармен тығыз байланысты шектету.
- Үй-жайларды үнемі желдетіп тұру қажет.
- Тұмауға қарсы екпе алыңыз.
Ең бастысы! Өзіңізді үй жағдайында емдемеңіз! Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде білікті медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгінгеніңіз абзал!!!