Бөтелкедегі су: ішу немесе ішпеу

Бөтелкедегі су: ішу немесе ішпеу

Ауыз суды сатып алудан оңай не болуы мүмкін сияқты. Дегенмен, «түссіз, иіссіз және дәмсіз» өнім біз ойлағандай қарапайым емес.

Біріншіден, су әмбебап еріткіш болып табылады және оның құрамында әрқашан қоспалар болады. Олар денсаулыққа қажет және қауіпті де болуы мүмкін. Олардың құрамы мен саны нормалармен қатаң реттеледі, бірақ, өкінішке орай, барлық өндірушілер белгіленген қағидаларды мінсіз орындаумен мақтана алмайды.

Екіншіден, жапсырмалар әртүрлі мәтіндерге толы: «табиғи», «тірі», «тазартылған», «артезиан», «асхана», ал осы ақпаратты білмейтін тұтынушыға түсіну қиын.

Тұтынушылар ең қауіпсіз деп саналатын, санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін бөтелкеге қапталған өнімдерді (бөтелкедегі су) сатып ала бастады.

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ай сайын өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді.

Өткен кезеңде бөтелкедегі өнімнің 90 сынамасы іріктеліп алынды, кейіннен техникалық регламент талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілді, оның ішінде 4 сынамада таңбалау бойынша 1 және 3 микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, бөтелкедегі су сатылымға шығар алдында Кеден одағының техникалық регламентіне («Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» КО ТС 044/2017) сәйкестігін тексеруден өтеді.

Халыққа бөтелкедегі суды ірі сауда орталықтарынан немесе сенімді өндірушіден сатып алуды ұсынамыз.

Су затбелгісінде мынадай ақпарат болуы тиіс: көзі (су құбыры, ұңғыма нөмірі), мекенжайы, химиялық құрамы және тіркеу деректері көрсетілген өндіруші.