Түркістан облысында дүкендерде өнімдерге мониторинг жүргізілді

Түркістан облысында дүкендерде өнімдерге мониторинг жүргізілді

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімдердің  қауіпсіздігіне қатысты мониторингті тұрақты түрде жүргізіп отырады. Облыстың санитариялық дәрігерлері 2022 жылдың 9 айында дүкен сөрелеріндегі тамақ және азық-түлік емес өнімдерге жүргізген  мониторинг барысында импорттық өндірістің - 2045, отандық өнімнің - 483 сынамасын зертханалық зерттеуге алды.                                                      Нәтижесінде 136 (5,4%) сынаманың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды. Оның  89,7%-ы - импорттық, ал 10,3%-ы - отандық өнімдерге тиесілі. Сәйкессіздіктің 71% таңбалау көрсеткіштері  бойынша.

Анықталған бұзушылықтар бойынша сәйкес келмейтін өнімдердің таңбалануында ақпараттың мемлекеттік тілде көрсетілмегендігі, ЕАЭО біріңғай белгісі жоқ екендігі, өндірілген күні,  жарамдылық мерзімі, өнімнің сақталу шарттары, өндіруші немесе импорттаушы туралы ақпараттың, өнімді пайдаланудың басқа да нұсқаулары көрсетілмегендігі белгілі болды. Айта кетейік, жыл сайын жиі анықталатын негізгі бұзушылықтардың бірі-өндірушілердің таңбалау қағидаларын сақтамауы болып отыр. Сыртында жоғарыда аталған ақпараттардың болмауы тұтынушының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екендігін  ескертеміз.

Осы орайда Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жергілікті кәсіпкерлерге өнімдердің таңбалануын заңнама талаптарына  сәйкес жүзеге асыру керектігін еске салып, тұтынушыларды өнімнің жапсырмасына назар аударуға шақырады.