
Эпидемиологиялық маусым ресми түрде қазан айынан басталып, келесі жылдың сәуіріне дейін жалғасады. Біраз уақыт өтсе де, әлі ерекше суық түскен жоқ, бірақ суық тиюді тіркеу қазірдің өзінде басталды.
1-12 қазан аралығында Павлодар облысында ЖРВИ-нің 1799 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1152, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар арасында 128 және жүкті әйелдер арасында 2 жағдай. Өткен маусымның ұқсас кезеңінде сырқаттанушылықты тіркеу айтарлықтай жоғары болды. Жалпы ЖРВИ-мен ауырғандардың саны 5247 болды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың саны – 2306, оның ішінде бір жасқа дейін-150, сондай-ақ жүкті әйелдер арасында суық тиіп сыртқаттанудың 26 жағдайы тіркелді. Осы эпидемиологиялық маусымда тұмау жағдайлары, былтырғыдай тіркелген жоқ.
Әрине, көптеген адамдар суық тиюге салмақты түрде қарамайды және емханаға барудың орнына олар әдеттегідей суық тиді деп есептеп, өздері ем тағайындайды. Алайда, медицинада мұндай түсінік жоқ. Дәрігер «ЖРВИ», «тұмау» немесе «ЖВИ» диагнозын қояды.
Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) балаларда жиі кездеседі және ол туралы ата-аналардың білуі өте маңызды. Бұл ауруларда тыныс алу органдары зардап шегеді, сондықтан оларды респираторлы деп атайды. ЖРВИ ішінде тұмау ең қауіпті болып келеді. Инкубациялық кезең – бірнеше сағаттан 1-3 күнге дейін, әсіресе тұмау созылмалы аурулармен ауыратын 65 жастан асқан 2 жасқа дейінгі балаларда ауыр өтеді. Тәуекел тобына жүкті әйелдер де жатады. Ларингит, бактериялық пневмония, синусит, өткір отит, миозит және тіпті менингит – бұл тұмаумен ауырған адамдардағы жағымсыз салдардың тізбесі.
Тұмаудан туындайтын аурушаңдықты, асқынулар мен өлімді төмендетудегі жалғыз және тиімді шара вакцинация болып табылады. Тұмауға қарсы иммунитет бір күнде пайда болмайды: оның қалыптасуына уақыт қажет. Вакцинациядан кейінгі иммунитет 2-3 апта ішінде қалыптасады және 6-12 ай бойы сақталады. Эпидемия басталғанға дейін екпе алып үлгеру қажет.
Тұмау және басқа ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың өршу маусымында жалпы алдын алу шараларын сақтау қажет. Эпидемиологтар қолды сабынмен және сумен жиі жууды ұсынады; пәтерді, үй-жайларды жиі желдетіп, дымқыл шүберекпен тазалау жұмыстарын жүргізіңіз. Сыртқа шықпас бұрын мұрын жолдарына оксолин майымен жағыңыз – бұл вирустардың тыныс алу жолдарына енуін күрт төмендетеді. Жеке қорғаныс бетперделерін тағу да маңызды.
Жаттығулар жасау, сумен шынығу, жақсы ұйықтау, дұрыс тамақтану, көкөністерді, жемістерді, табиғи шырындарды, компоттарды тұтыну, суық тиюдің алдын-алу (ауа-райына сәйкес киіну) иммунитетті нығайтып, ауруды оңай жеңуге көмектеседі.