
Аскаридоз – адамдар зардап шегетін, адам ағзасында аскаридтер болып табылатын, паразиттермен қоздыратын ауру, оның соңы асқазан-ішек жолдарының зақымдануына, әртүрлі аллергиялық реакциялардың пайда болуына, ауыр асқынуларға және аурудың созылмалы ағымына алып келеді. Жұқтыру көзі - тек қана адам болып табылады.
Маңғыстау облысында ағымдағы жылдың 9 айында аскаридозбен ауыратын 48 жастағы бір әйел тіркелді, өткен жылы осыған ұқсас кезеңде бір факті тіркелді. Ауру 38 жастағы тұрғыннан табылды.
Аскаридоздың себептері – бұл жуылмаған қолдар, нашар жуылған көкөністер (көбінесе аскөктерді) және жұмыртқаларды жәндіктермен тасымалдау арқылы жұқтыру. Жұмыртқаның механикалық тасымалдаушылары шыбындар, тарақандар болуы мүмкін.
Аскариданың аналықтары тірі ағзада күніне 230 мыңнан астам нәжіспен бірге жерге түсетін жұмыртқа салады. Дернәсіл топырақта дамуы үшін қолайлы температура мен ауа ылғалдылығы қажет. Осылайша, 25-30°С жұмыртқа 17 күнде пісіп жетіледі. Ал 13-20°С кезінде бұл процесс төрт аптадан алты аптаға дейін созылады.
Төмен температурада дернәсілдің дамуы тоқтайды, бірақ ол өлмейді. Егер болашақта қолайлы жағдай пайда болса, ол әлі де адамға аскаридозды жұқтыра алатындай жағдайда болады.
Сондықтан қарапайым алдын алу шаралары аскаридтерді жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі:
Көріп отырғанымыздай, аскаридоздың алдын алу өте қарапайым және ауруды емдеу үшін тексеруден және емдеу мен бақылау талдауларынан өтуге уақыт пен қаражатты жұмсамай-ақ аурудың алдын алуға болады.
Оның үстіне асқаридтерді жұқтыру бірқатар күрделі асқынуларға алып келеді. Сондықтан балаларды бала кезінен бастап жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету және бүкіл отбасына үнемі алдын алуды жүргізіп отыру маңызды.