Астанада төтенше жағдайларға дайындық бойынша халықаралық конференция өтуде

Астанада төтенше жағдайларға дайындық бойынша халықаралық конференция өтуде

11-12 қазанда Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде «Төтенше жағдайларға дайындық және орнықты даму – біздің болашағымызды трансформацияланатын әлемде қалыптастыру» конференциясы өтуде. Іс-шараға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов, ДДҰ Өңірлік бюросының, Weill Cornell Medicine, Назарбаев Университетінің, сондай-ақ Ыстамбұлдағы ДДҰ Еуропалық орталығының өкілдері қатысуда.

Денсаулық сақтау қызметкерлері әртүрлі апаттар қаупін азайту, климаттың өзгеруі, денсаулықты қамтамасыз ету үшін қала құрылысын жобалау және дайындық пен әрекет ету әлеуетін өлшеу мәселелерін талқылауда. Қатысушылар үш жылдан бері жалғасып келе жатқан COVID-19 пандемиясының аясында конференция өткізудің өзектілігін атап өтті.

Пандемия басталғаннан бері 616,5 миллион адам коронавируспен ауырды. Бұл бүкіл планета халқының 8%-ын құрайды. Инфекциядан 6,5 миллионнан астам адам қайтыс болды. Пандемия оны болдырмау үшін қабылданып жатқан алдын алу және төтенше шаралар тез және жаппай таралу жағдайында, сондай-ақ оның дамуының басында онымен күресудің тиімді тәсілдерінің болмауы, соның ішінде тиімді вакциналар мен дәрілік препараттардың болмауы жағдайында толығымен барабар болмағанын көрсетті.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Нұрқан Сәдуақасов өзінің құттықтау сөзінде карантин көптеген елдердің экономикасына, бизнесіне, денсаулық сақтау мен халықтың әлеуметтік жағдайына айтарлықтай әсер еткенін атап өтті. Алынған сабақтар осы мәселелерге қатысатын елдер мен халықаралық ұйымдарды кең ауқымды төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға қарсы күрес тәсілдерін қайта қарауға мәжбүр етеді, деп атап өтті ол.

Н. Сәдуақасов қатысушыларға жемісті жұмыс және Орталық Азия өңірінде қоғамдық денсаулық сақтау саласында пайдалы тәжірибе алуларын тіледі. Ол өткізіліп жатқан конференция өз жемісін беретініне сенім білдірді.