
Бүгінгі күнде ғаламшардың 5-20% ересек адамдары саңырауқұлақша тудыратын аурумен ауырады. Ресми мәліметтер бойынша 2022 жылдың 9 айында ШҚО аумағында дерматомикоздың 308 жағдайы тіркелген (100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 22,6-ны құрады). 14 жасқа дейінгі балалар арасында 223 жағдай тіркелген, оның ішінде ең көп жағдай мектеп жасындағы балалар арасында орын алған (45,1%). Ересектер арасында көбінесе жастар мен орта жастағы адамдар жиі ауырады (студенттер және жұмыссыздар).
2021 жылдың ұқсас мерзімімен салыстарғанда дерматомикоз аурушандығы 4 жағдайға төмендеген, оның ішінде балалар арасында 23 жағдайға азайған.
Саңырауқұлақшалық аурулар жұқпалы ауруларға жатады. Бұл ауру науқас адамдар мен жануарлардан жұғады. Саңырауқұлақшалар шаш, тері және тырнақты зақымдайды. Көпжылдық статистикалық мәліметтер бойынша 65% үй жануарлары ауру көзі болып табылады. Сондай-ақ ауру науқас адам қолданған заттар – орамал, бас киім, тарақ, аяқ киім, ойыншықтар арқылы жұғуы мүмкін.
Ауру жұқтырған адамның терісінде қызыл қабыршықталған дақтар, көбінесе қолда, кеудеде, мойында пайда болады. Бас терісі зақымданған кезде шаштар сынғыш болып, түсуі байқалады.
Бұл ауру ұзақ емделуді қажет етеді, емделу тіпті 2 айға дейін созылуы мүмкін, асқынған жағдайда бастың тақырлануы, таздануы байқалады. Ересек адамдар көбінде медициналық көмекке жүгінбей өздігінен емделеді, бұның салдарынан ауру созылмалы түрге ауысып, емделуге қиындық туғызады. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде уақтылы дерматовенеролог дәрігерге қаралу керек. Дәрігер білікті көмек көрсетіп, ауруды жанындағы адамдарға жұқтырмау шараларын жүргізеді.
Өзіңізді саңырауқұлақшалық аурулардан қорғау үшін келесі қағидаларды ұстану керек:
Егер теріде қызыл қабыршақты дақтар пайда болса, шаштың түсуі немесе сынуы байқалса, дереу дерматолог дәрігерге көрініңіз.