
Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, дезинсекциялық және дератизациялық қызметте қолданылатын уытты заттармен улану жағдайларының тіркелуіне байланысты, 2020 жылдың 20 ақпанында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Н. Сәдуақасов "Санитариялық-профилактикалық іс-шаралары жүргізу туралы" қаулы шығарды.
Осылайша, бүгінгі таңда халыққа 1, 2, 3 сыныпты қауіпті дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынған.
Бұл уақытша санитарлық шара ҚР заңнамасына тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына зиян келтіру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.