«Иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністерді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері» туралы вебинар

«Иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністерді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері» туралы вебинар

Ағымдағы жылдың 6 қазанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті,  Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының» филиалымен бірлесіп, медицина қызметкерлеріне, эпидемиологтарға арналған «Иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністерді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинарды Қазақстан Республикасы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ахметова Зәуре Дәлелқызы ашты.

Вебинар  жұмысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының сарапшысы Олег Бенеш, ЮНИСЕФ-тің иммундау жөніндегі кеңесшісі Әсел Мұсабекова, Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева баяндамамен қатысты.

Сондай-ақ  Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары, Қазақстан Республикасының иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясының мүшелері, облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау  департаменттерінің мамандары, медицина қызметкерлері де қатысты.

Вебинар барысында Ақтөбе облысында туберкулезге қарсы (БЦЖ) ревакцинациялау кезіндегі бағдарламалық қателіктің ағымдағы жағдайы, Қазақстан Республикасындағы иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністерді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері, иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністерді тіркеу және науқастарды клиникалық бақылау, вакцинация саласындағы коммуникациялар мәселелері қаралды және талқыланды.

Вебинар қатысушыларының барлық сұрақтарға білікті мамандардан жауап алуға мүмкіндіктері болды.

Осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері бойынша өңірлердің медицина қызметкерлерімен 4 топтық семинар өткізу жоспарланған.