Каспий өңірі елдерінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің сарапшылары биоқауіптерге қарсы күрес мәселелерін талқылады

Каспий өңірі елдерінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің  сарапшылары биоқауіптерге қарсы күрес мәселелерін талқылады

2022 жылғы 5 қазанда бейнеконференцбайланыс режимінде Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен Каспий экономикалық форумы шеңберінде ұйымдастырылған "Каспий әріптестігі – денсаулық пен экономиканы эпидемиядан қорғау" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан және Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, оның ішінде жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес, аумақты санитарлық қорғау және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою мәселелері бойынша қатысты.  

Дөңгелек үстелде Каспий өңірі кеңістігіндегі биологиялық қатерлерге қарсы күрестің маңызды бағыттарын қозғайтын тақырыптар талқыланды. Атап айтқанда, Каспий маңы елдерінің аумағында орналасқан оба, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтарының мониторингі және т. б.

Дөңгелек үстелге қатысушылар биоқауіптерге қарсы күрес өңір елдері үшін жұмыстың басым бағыттарының бірі болып табылатындығымен келісіп, осы бағытта бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін қолдады.

Қорытындылай келе, Каспий өңірі мемлекеттерінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерінің биоқауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары, соның ішінде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, вакциналар мен диагностика құралдарын әзірлеу, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларды болжау және модельдеу, эпидемияның алдын алу бойынша бірлескен оқу-жаттығуларды, сондай-ақ оқыту іс-шараларын ұйымдастыру мақұлданды.