
Республикада ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап жыл сайынғы тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталды.
Естеріңізге сала кетейік, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) - бұл түрлі вирус салдарынан пайда болған және жоғарғы тыныс жолдарының зақымдалуымен және ағзаның улануымен сипатталатын респираторлық вирустық аурулар тобы.
Тұмау – эпидемиялық маңызы бар ЖРВИ түрі. Тұмау немесе ЖРВИ аурулардың даму белгілерін алғашқы сатысында байқаудың маңызы зор. Ол дер кезінде тұмауды емдеумен қатар, асқыну ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.
Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы, сондай-ақ жалпы заттар (есік тұтқалары, лифт түймелері, автобус тұтқалары, қағаз ақша, қол алысу) арқылы оңай таралатындығын білу маңызды.
Тұмау мен ЖРВИ емдеудің өз ерекшеліктері бар. Сондықтан дәрігерге мүмкіндігінше уақытылы бару маңызды. Жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты – инфекция кіретін жол тұмау үшін де, барлық басқа ЖРВИ үшін де ортақ болып табылғандықтан, тұмау мен ЖРВИ де ұқсас белгілері бар. Алайда, тұмаудың ағыны жедел респираторлық вирустық инфекция ағынынан ерекшеленеді. Тек дәрігерге жүгіну ғана ЖРВИ мен тұмауға қарсы қажетті емдеуді қамтамасыз ете алады.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында тұмауға қарсы 18824 адам, оның ішінде 1641 бала екпе салдырды.
Екпе егу кезінде «Гриппол плюс» препараты қолданылады. Бұл ағзада тұмауға қарсы арнайы иммунитеттің жоғары деңгейінің пайда болуына әкеледі. Вакцинациядан кейін 8-12 күн өткеннен кейін адам ағзасында 12 айға дейін, оның ішінде егде жастағы адамдарда сақталатын қорғаныс әсері пайда болады.
Санитариялық қызметтің эпидемиологтары тұмауға қарсы екпе алуды ұсынады және оның маусымдық вирустық аурулардың өршуі кезеңінде маңыздылығын атап өтеді. Өйткені, вакцинация тұмаудың алдын алудағы анағұрлым тиімді әдіс болып табылады.