





Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары 2020 жылғы 17 ақпанда қаулы бекітті, оған сәйкес 20 ақпаннан бастап коронавирустық инфекцияның жаңа түрі (бұдан әрі – КВИ) тіркелген елдерден келетін барлық адамдар 3 санатқа бөлінеді.
1 санат: Қытай Халық Республикасынан келген тұлғалар. Барлық азаматтар 14 күнге карантинге орналастырылады. Одан кейін тағы 10 күн ішінде тұратын жері бойынша Медициналық ұйымның қадағалауында болады. Жай-күйін, денсаулығын дәрігерлер телефон арқылы бақылайды.
2 санат: Коронавирус инфекциясы, 10-нан астам түрі басқа елдерден, өңірлер мен қалалардан келген адамдардан тіркелген. Бүгінде бұл Гонконг, Сингапур, Жапония, Таиланд, Оңтүстік Корея, Малайзия, Тайвань, Вьетнам, Австралия, Германия, АҚШ, Франция, Макао. Мемлекеттер тізімі өзгеруі мүмкін.
Осы елдерден келген барлық адамдар 14 күн ішінде үй карантинінде болады. Олардың денсаулық жағдайы емхананың медицина қызметкерінің күнделікті баруы арқылы бақыланады. Содан кейін тағы да 10 күн бойы медициналық бақылау тұрғылықты мекен-жайы бойынша жүргізіледі. (күнделікті телефон соғу).
3 санат: Коронавирус инфекциясы бойынша, басқа елдерде 10 түрлі жағдай тіркелген. Бүгінде бұл Ұлыбритания, БАӘ, Канада, Үндістан, Филиппин, Италия, Испания, Финляндия, Непал, Камбоджа, Шри-Ланка, Швеция, Бельгия, Египет. Мемлекеттер тізімі түзетілуі мүмкін.
Осы елдерден келген адамдар ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн ішінде (күн сайынғы қоңырау шалу) тұратын жері бойынша поликилиникада медициналық бақылауда болады.
Қаулының толық мәтінімен танысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз https://beta.egov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/v-kazahstane-usilivayutsya-mery-profilaktiki-koronavirusnoy-infekcii?lang=ru