
Бүгінде мамандандырылған дүкендердің, супермаркеттердің сөрелерінде және базарларда балалар ойыншықтарының алуан түрлілігі байқалады. Баланың дамуы үшін пайдалысын және қажеттісін таңдау оңай емес. Бұл ретте зат балаға ұнап қана қоймай, оған қызықты әрі жасына сәйкес келуі керек. Одан бөлек, қауіпсіздігі бойынша Кедендік одақтың «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2013 техникалық регламентінің талаптарына жауап беруі тиіс.
Ол үшін әр ата-ана таңбалаумен мұқият танысуы керек, онда мынадай ақпарат қамтылған: ойыншықтың атауы, шығарылған елі, өндірушінің аты мен орны, тауар белгісі (бар болса), шикізат, баланың жасы нешеде екені пиктограммада көрсетіледі, жарамдылық мерзімі, қажет болған жағдайда сақтау шарттары, ойыншықтарды қолданудың қауіпсіздік шаралары, ескерту жадынамалары, күтім әдістері.
Бүгінде облыстың сауда объектілерінен іріктеліп алынған және зерттелген ойыншықтар таңбалау қағидалары бойынша сәйкес келмейді.
2022 жылдың 8 айында Ақтөбе облысы өнімдерінің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде іріктеп алынған ойыншықтардың зертханалық зерттеу деректеріне сәйкес, 9,6%-ы таңбалау бойынша «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2013 Кедендік одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмегенін көрсетті, олардың барлығы үшінші елдер өндірген өнімдер. Зертханалық зерттеу негізінде үш ойыншық сертификатының күші тоқтатылды.
Қауіпсіз ойыншықты таңдаудағы басты кеңес – сатушыдан оның сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын тиісті сертификатты талап ету. Оның болуы ойыншықтардың зертханада зерттелгенін және химиялық, радиациялық, токсикологиялық көрсеткіштер бойынша тексеруден өткенін көрсетеді.