
2022 жылдың жаз мезгілінде Қарағанды облысында 13 қала сыртындағы балалар және 468 мектеп жанындағы сауықтыру лагерлері жұмыс істеді.
Жазғы сауықтыру науқаны барысында 72 126 бала мен жасөспірім сауықтырылды (оның ішінде қала сыртындағы лагерьлерде – 10 340, мектеп жанындағы лагерьлерде – 61 786), бұл облыс оқушыларының 34,6%-ын құрайды. Сауықтырылған адамдардың жалпы санынан-12 439 бала мен жасөспірімдер әртүрлі соматикалық аурулармен диспансерлік есепте тұрғандар.
Қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде балалар мен жасөспірімдердің демалуымен байланысты жіті ішек инфекциялары, тамақтан улану жағдайлары тіркелген жоқ.
Жазғы сауықтыру науқаны басталар алдында оқушылардың жазғы демалысын және сауықтырылуын ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында Қарағанды облысының санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары белгілі бір дайындық жұмыстарын жүргізді, оның ішінде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлескен бұйрыққа сәйкес балалар мен жасөспірімдерді тамақтандыру, сауықтыру қызметтерін көрсететін білім беру бөлімдерімен және кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Білім және денсаулық сақтау басқармаларымен, оқушылардың созылмалы ауруларын емдеу және сауықтыру мақсатында жазғы лагерьлерге облыстың медициналық ұйымдары бекітілді.
Балаларды сауықтыру және тамақтандыру қызметтерін көрсететін мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен семинар–кеңестер ұйымдастырылды, олардың барысында балаларға медициналық қызмет көрсетуге және сауықтыруға, тамақтануды ұйымдастыруға, тұру жағдайларына, жеке және өндірістік гигиенаны сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, инфекциялық аурулардың, оның ішінде жіті ішек инфекцияларының алдын алу, тамақтан улану мәселелері түсіндірілді.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес маусымдық жазғы балаларды сауықтыру ұйымдарында (бұдан әрі - МДҰ) балаларды сауықтыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар пайдалану алдында объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізді және объектінің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алды.
Балалар мен жасөспірімдердің аурушаңдығын төмендетуге және денсаулығын нығайтуға бағытталған сауықтыру іс-шараларының жоспарларына сәйкес лагерьлерде балалармен демалу кезінде балалардың қоршаған ортаның әртүрлі зиянды факторларына, бірінші кезекте - инфекциялық ауруларға төзімділігін арттыруға бағытталған шынықтыру іс-шаралары, физиотерапиялық рәсімдер, емдік-дене шынықтырумен айналысу, фитопрофилактика шаралары да жүргізілді.