
Шымкент қаласы бойынша 2022 жылдың 8 айында жедел респираторлы вирусты инфекциялардың 22046 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 2022,36-ны құрап отыр. Былтырғы жыодың салыстырмалы кезеңінде 12306 жағдай тіркелген, көрсеткіші 1144,23, аурушаңдық 1,7 есеге өсіп отыр. Ауырғандардың 77,9%-ы - 14 жасқа дейінгі балалар.
Өткен эпид.кезеңде (2021 жылдың қазан айы – 2022 жылдың сәуір айы аралығында) тұмау ауруының А (Н3N2) түрінің 16 жағдайы анықталды.
Тұмаудан эпидемиологиялық маусымда аурушаңдықтың алдын алу барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 134580 доза Гриппол вакцинасы қоймаға жеткізілді. Ол тұрғындардың 12,6%-ын тұмауға қарсы егумен қамтуға жеткілікті.
Вакцина қатерлі топқа жататын тұлғаларға жүргізіледі:
- диспансерлік есепте тұрған балалар;
- алты айдан асқан әлсіреген және жиі ауыратын балалар;
- балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балаларына, қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингентері;
- медицина қызметкерлері;
- жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер.
Жұмыс берушінің есебінен 1000 доза вакцинамен «Интертич» медициналық орталығы егу жүргізеді. Ақылы түрде «Орынбаев» орталығынба өткізу жоспарлануда.
Қала бойынша 2022-2023 жылдардың эпидемиялық кезеңінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, оның аумақтық басқармалары және мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының келісуімен ЖРВИ-ге және тұмауға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жедел кешенді іс-шаралар жоспары және бұйрық түзілді.
"Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 27.05.2021 № ҚР ДСМ-47 бұйрығы негізінде тұмау/ЖРВИ алдын алу және індетке қарсы ісшаралар жүргізіледі.
Тұмауға қарсы егуді қаладығы емханаларда егілушінің жазбаша түрдегі ақпараттық келісіммен тегін, дені сау кезде салады. Егуден кейін 30 минут, әрі қарай 3 күндің медициналық бақылауда бақылауда болады.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, қаладағы медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерімен тұмаудан эпидемиологиялық маусымға дайындық туралы бұйрық шығарылды.
Ағымдағы мерзімде аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарымен және БМСК мекемелерінің басшылары арасында 2 рет семинар сабақ өткізілді. Департамент және басқарма мамандарымен 73 семинар сабақ, 12 медициналық кеңес отырысы өткізілді. Теледидар, радиодан 18 сұхбат беріліп, баспаға 16 мақала жарияланды, мектеп, мектепке дейінгі мекемелерінде 140 жиналыс өткізіліп, жүкті әйелдерге 987 дәріс оқылды, 9295 әңгімелесулер жүргізілді.
Тұмау/ЖРВИ алдын алу: