Алматыдағы студенттік жатақханаларда профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау туралы

Алматыдағы студенттік жатақханаларда профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау туралы

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында  62 жатақханасы бар 37 жоғары оқу орны және 14 жатақханасы бар 92 орта оқу орны бар.

2021-2022 оқу жылы Департаменттің аудандық басқармалары студенттік жатақханаларда 146 тексеру жүргізді, 67 жатақханада кемшіліктер анықталып,  5 684 545 тенге мөлшерінде 26  айыппұл салынды, бұзушылықтарды жою туралы 26 ұйғарым берілді.

Жаңа оқу жылының қарсаңында Департаменттің  аудандық басқармалары Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және қоғамдық құрылымдармен  бірге мониторингтік топ құрамында жоғарғы оқу орындарындағы студенттік жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын бағалау мақсатында қарап шығу жұмыстарын жүргізді.

Биыл 26 жоғарғы оқу орнының 50 жатақханасы тексерілді.

Көптеген қаралған жатақханаларда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталған, еден төсеніштері, санитариялық-техникалық қондырғылар жаңартылған, электрлі шамдар ауыстырылып, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстары жүргізілген.

Осыған қарамастан, кейбір жатақханаларда материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етуге, жатақханалардың тығыздығына, үй-жайларды күтіп-ұстауға және жатақханаларда санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауға қатысты бұзушылықтар анықталды. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша жоғарғы оқу орындарының басшыларымен кездесулер өткізілді.

Студенттік жатақханалардың қазіргі жағдайын ескере отырып, студенттердің оқу және тұру жағдайларын жақсарту мақсатында орын алған мәселелерді оңтайлы шешу жолдары ұсынылды, олар:

  • жатақханаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу;
  • жаңа студенттік жатақханалар салу;
  • сырттан келген студенттерге қаладағы хостелдер мен жалдамалы пәтерлерге орналастыру үшін оқу орны есебінен ақы төлеу;
  • аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге атаулы материалдық көмек көрсету;
  • туберкулез және т.б. жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды күшейту, студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Соңғы жылдары жалпы республика бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, студенттер арасында жаппай жіті респираторлық вирустық инфекциялардың, тұмаудың және олардың асқынуларының (пневмония), менингококк инфекциясының және басқа инфекциялық ауруларды алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында, Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері студенттік жатақханаларында төмендегі іс -шараларды жүргізуді ұсынады:

- жатақханаларда желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы мен желдету режимін сақтауын қамтамасыз ету;

дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды үнемі ылғалды өңдеу жұмыстарын жүргізу, жалпы пайдалану орындарын қол жууға арналған құралдармен және антисептиктермен қамтамасыз ету;

- жатақханаларда белгіленген өткізу режимін қамтамасыз етуді, бөгде адамдардың, сондай-ақ респираторлық инфекция (жөтел, мұрынның бітелуі, дене қызуының көтерілуі) белгілері бар адамдардың жатақханаларға баруына жол бермеу;

- студенттердің бөлмелерде тұруын 1 адамға арналған аудан нормаларын ескере отырып  қарастыру;

 - температурасы жоғары және ЖРВИ белгілері бар адамдарды оқшаулау үшін жұмыс істейтін медициналық оқшаулау бөлмелерінің болуын міндеттеу;

- тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар студенттерге ерекше бақылауды қамтамасыз ету;

- бетперде режимін сақтау, профилактикалық вакцинация жүргізуді ұсынылады.