Конференцияда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басымдықтары талқыланды

Конференцияда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басымдықтары талқыланды

             Кәсіптік аурулар мен уланулардың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде 14-15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми бағыттардың басымдықтары» конференциясына қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

             Қазақстан Республикасы ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау мәселелері, олардың нәтижелері мен проблемалық мәселелері бойынша ағымдағы жағдаймен бөлісті.

             Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жұмысының негізгі бағыты кәсіптік тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша ақпараттық жүйелерді әзірлеу және жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.

             Сондай-ақ, конференция мен «Қазақстан Республикасында әрекет ететін кәсіптік қатерлерді бағалауды жүргізуге қойылатын нормалар мен талаптар» семинар-практикумы шеңберінде бизнес өкілдері үшін «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының директоры Бауыржан Омарқұлов және «Астана медицина университеті» КЕАҚ профессорлары баяндама жасады.