
Атмосфералық ауа – қоршаған ортаның маңызды құрамдас бөлігі, адам, өсімдік пен жануар өмірінің ажырамас серігі. Тауар мен қызмет өндірісінің қарқынды өсуімен экономикалық және өндірістік сала экологияға теріс әсерін тигізуде. Бұл жағдайда экономикалық мүдделер мен қолайлы ортаны сақтау арасындағы тепе-теңдікті сақтау маңызды міндетке айналып отыр.
Біріншіден, ауаға жүктеме техникалық процестің, өнеркәсіптің дамуымен және көлік ағынының артуымен байланысты. Мұның бәрі зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмысшылардың ғана емес, бүкіл халықтың токсиканттармен кең байланысын тудырды.
Қарағанды облысында өнеркәсіп қара және түсті металлургия, көмір өнеркәсібі, жылу энергетикасы, машина жасау ірі тау-кен металлургия кешендерімен ұсынылған. Ластаушы заттардың негізгі үлесі ауаға дәл осы нысандардан түседі.
Жыл басынан облыс бойынша 7243 атмосфералық ауа сынамасы зерттелді, оның ішінде 234-інде ШРК-ның артуы байқалды, яғни 3,2%. Ауадағы ластаушы заттардың ең көп пайызы – 5,8% – Теміртауға тиесілі. Дәл осындай көрсеткіш Жезқазған қаласында, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында 4,7% және 2,6% Қарағанды қаласының Октябрь ауданында тіркеліп отыр.
Қарағанды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы және оның қалалалық пен аудандық филиалдары ауаның сапалық құрамына зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізеді. Ауа бассейнін ластағыштардың зерттелетін тізбесіне шаң, сульфит, нитрит, көміртегі оксиді, аммиак, күкіртсутек, күкірт қышқылы сынды химиялық заттар кіреді.
Кәсіпорындарда шығарындыларды есепке алу және шаң-газ тазарту құрылыстары жұмысының тиімділігі бойынша өндірістік зертханалық бақылау жүргізіледі. Зерттеулер өндірістік зертханаларда немесе осы жұмыс түрлерін жүргізуге лицензиясы бар зертханаларда жүргізіледі.
Облыс кәсіпорындары ауа бассейнін сауықтыру, істен шыққан жабдықты ауыстыру, ағымдағы және профилактикалық жөндеу бойынша іс-шараларды ұйымдастырады.
Экология өмір сапасы мен денсаулық жағдайын анықтайтындықтан, мәселені биліктің өзара іс-қимыл деңгейінде сапалы және жан-жақты шешу қажет. Тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауы да маңызды.