Алматы облысының санэпидқызметі энергетиктерде бұзушылықтар анықтаған жоқ

Алматы облысының санэпидқызметі энергетиктерде бұзушылықтар анықтаған жоқ

             Алматы облысында өнім қауіпсіздігінің ай сайынғы мониторингі аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне зертханалық бақылау жүргізіледі. Тізімде сүт, ет өнімдері, балалар тағамы, аспаздық өнімдер, сондай-ақ ойыншықтар, балалар мен жасөспірімдерге арналған тауарлар бар.  Сонымен қатар, жастар арасында жоғары сұранысқа ие энергетикалық сусындарға ерекше көңіл бөлінеді.

             Жыл басынан бері сергітетін сусындардың 27 үлгісі зерттелді. Оның екеуі – отандық өндіруші, 23-і – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер. Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша барлық өнім Кедендік одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келді.

             Үлгілер нормативтік құжаттаманың талаптарын бұзбаса да, энергетикалық сусындар ағзаға зиян келтіретінін ұмытпаңыз. Ондай сусындар жүрек пен қан тамырлары, асқазан мен ішек жолдары жұмысының бұзылуына, жүйке жүйесіндегі проблемаларға және кариестің дамуына әкелуі мүмкін.

             Айта кету керек, энергетикалық сусындарды тәрбиелеу және білім беру объектілерінде сатуға тыйым салынады. Өнімді жүрек-қан тамырларының, орталық жүйке жүйесінің аурулары, асқазан-ішек жолдарының патологиясы, жүктілік және лактация кезінде қолдануға ұсынылмайды.

            Алкогольсіз сусындарды таңдағанда, таңбалауды мұқият зерттеңіз. Жапсырмада өнім мен кофеин құрамы туралы ақпарат болуы тиіс. Соңғысының көрсеткіші 400 мг/дм3 аспауы қажет. Сергітетін сусындардың құрамында екіден көп емес сергіту компоненттері болуы тиіс.