
Адамды пестицидтердің зиянды әсерінен қорғау гигиеналық нормативтер мен регламенттер тосқауылымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мекемелері және басқа да жауапты органдармен бақыланады.
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары физикалық-химиялық, микробиологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге, оның ішінде тамақ өнімдеріндегі пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтауға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама үшін сынамалар іріктеу арқылы Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді.
Ағымдағы жылдың 8 айында жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша пестицидтердің қалдық мөлшерін анықтауға 293 сынама алынды, зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша зерттелген өнімдерде пестицидтер табылған жоқ.
Пестицидтер адам ағзасына өңделмеген шикізат өнімдері, сондай-ақ терең технологиялық өңдеуден өткен тамақ арқылы түседі. Өсімдік өнімдері де, жануарлардан алынатын өнімдер де пестицидтермен ластануы мүмкін.
Пестицидтер көбінесе өсімдік өнімдерінде жиналады. Атап айтқанда, қырыққабат, картоп, қызанақ, қияр, сәбіз, қызылша, пияз, бидай, арпа, алма және жүзім.
Адам ағзасына пестицидтер аз мөлшерде енгенде ағзадағы биологиялық процестердің бағытын өзгертеді, ал кейбір жағдайларда оның физиологиялық және биохимиялық функцияларының бұзылуына әкеледі. Тамаққа пестицидтердің қалдық мөлшерінің түсуі созылмалы тамақтан уланудың пайда болуына әкеп соқтырады және адамдардың денсаулығына теріс әсер етеді.
Сондықтан тамақ өнімдеріндегі пестицидтерді азайту үшін өсімдіктердің сыртқы бөліктерін тазарту, көкөніс пен жеміс-жидектерді жуу қажет, өйткені пестицидтер олардың сыртында шоғырланады. Тамақ өнімдерін өңдеу және пісіру, қуыру, консервілеу аспаздық өңдеу кезінде пестицидтер жойылады.