Ойыншықтардың қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері

Ойыншықтардың қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті өнім қауіпсіздігінің мониторингі шеңберінде балалар ойыншықтарының қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Сараптама үшін бұйымдар тікелей өткізушілерден сатып алынады. Мамандар "ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін тексереді. 

 

2019 жылы республика бойынша 2 920 ойыншықтың үлгісі іріктеліп алынды және зерттелді, оның ішінде 1 642 техрегламент талаптарына сәйкес келмеді. Негізгі бұзушылықтар – таңбалау талаптарын сақтамау-90,9%, органолептикалық көрсеткіштер – 4,0%, санитарлық-химиялық және токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштер – 5,1%.

 

Анықталған фактілер бойынша ШОБ субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы 347 ұйғарым берілді.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 185 іс жүргізіліп, 21,611 млн. теңге сомасына айыппұл салынды. 395,4 кг астам ойыншықтарды сапасына сәйкес келмегендіктен сатудан алынды.

 

Өнімнің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелерін талдау іріктелген ойыншықтардың 37% - ы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растаудан өтпей іске асырылатынын көрсетеді. Жарамсыз ойыншықтардың негізгі өндірушілері-Қытай 46% , Ресей Федерациясы 16%, Өзбекстан 0,7% және басқа елдер.

 

Бұдан басқа, өнімнің қауіпсіздігі мониторингі шеңберінде өнімді әкелу және сәйкестікті растау рәсімдерінен өту мониторингіне бағытталған камералдық бақылау жүргізіледі.  2015 жылдан бастап камералдық бақылау нәтижелері бойынша сыртқы-экономикалық қызметке 239 қатысушыға қатысты нұсқама берілді, олар шартты түрде шығару режимінде кедендік заңнама талаптарын бұза отырып, балалар ойыншықтарының 126 880 тауар позициясын әкелген.

 

Әкелінетін және сатылатын талаптарға сәйкес келмейтін өнім көлемінің өсу серпінін ескере отырып, ҚР ДСМ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекске, оларға қатысты шартты шығаруға жол берілмейтін тауарлар тізбесін бекіту туралы түзетулерге бастамашылық жасады.  Осылайша, 2018 жылдың 31 шілдесінен бастап балалар ойыншықтарын шартты түрде шығаруға тыйым салынған.