Шымкентте листериоздың бірде бір жағдайы тіркелмеген

Шымкентте листериоздың бірде бір жағдайы тіркелмеген

             Жыл басынан бері Шымкент қаласының тұрғындары арасында листериоз жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген.

             Листериоз – адамдар мен жануарлардың арасында кеңінен тараған қауіпті жұқпалы ауру. Әдетте оны анықтау өте қиын, себебі аурудың көрінісі тамақ ауруы (ангинаға),  жіті вирусты инфекция (ЖРВИ), іріңді менингит, қан аурулары сияқты кеңінен таралған ауруларға ұқсас.

             Листериозды тек зертханалық зерттеу арқылы анықтайды. Қазақстанда статистика бойынша 30%-ға жуық адамдар листерияның тасымалдаушысы болып табылады.

             Жоғарыдағы аталған белгілі аурулардан листериоздың айырмашылығы - жүкті әйелдердің түсік тастауына, нәрестенің алғашқы айларында өлі тууына, жүкті әйелдердің баланы мерзімінен ерте тууына, нәрестелердің екіден бірінің шетінеп қалуына және 1 жасқа дейінгі туылған балалардың 25% кемтар болып өсуіне (гидроцефалия, мидың жұмысының тоқтауы) себеп болады.

             Бала туатын жастағы барлық әйелдерді  ангинамен, аналық без бен жатыр мойнының қабынуымен, барлық жүкті әйелдер босанғанға дейін және одан кейін тұмау тәрізді аурулармен жиі ауырса, жерік кезінде аурушаңдықты анықтау мақсатында міндетті түрде листериозге зертханалық зерттеу қажет.

             Табиғатта листериоз ауруының ең көп тарататын тасымалдаушысы - кеміргіштер. Олардың организмінде листерия ұзақ уақыт сақталады. Листерия қоздырғыштарын нәжістерімен (зәрмен, нәжіспен) қоршаған ортаны, азық-түлік өнімдерін ластайды. Листерия тоңазытқышта да өмір сүру қабілетіне ие.

             Аурудың алдын алу жолдары - жидек пен көкөністерді сумен тазалап жуу; асханада тазалықты сақтау және ет пен жемістерге арналған тақтайлардың бөлек болуы; тоңазытқышты үнемі тазалықта ұстау; ет пен балықты толық пісіру керек, жартылай фабрикаттарды барынша қолданбау; сүт пен сүт өнімдерін дұрыс сақтау.

             Дұрыс өңделген және дайындалған тағам денсаулыққа қауіпсіз екенін есте ұстаған жөн.