Маңғыстау облысында 10 бала туберкулезге шалдыққан

Маңғыстау облысында 10 бала туберкулезге шалдыққан

             Жыл басынан бері Маңғыстау облысында туберкулездің 222 жағдайы тіркелді, оның 10-ы – балалар.  100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіш 29,3%-ды құрап отыр. Былтыр ауру фактілері 11 жағдайға кем болса керек.

             Туберкулез - микобактериялар тудыратын және науқас адамнан сау адамға сөйлесу, жөтелу және түшкіру кезінде ауа арқылы берілетін жұқпалы инфекциялық ауру.

             Аурудың алдын алу жолдары: салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, дене шынықтыру, үй ішін тазалықта сақтау, желдету, үй жануарларын баптап ұстау, жеке бас гигиена қағидаларын сақтау.

             Туберкулезге қарсы күрестің басты тәсілдерінің бірі – вакцинация. Екпе дені сау нәрестеге алғашқы төрт күнде егіледі. Екінші екпе 6 жаста, бірінші сыныпта жасалады.

              Мамандар ата-аналарға Манту сынамасы екпе емес екендігін қаперге салады. Ол – туберкулезді ерте анықтауға арналған диагностикалық тест. Осылайша, БЦЖ ревакцинациясы Манту сынамасы теріс нәтиже көрсеткен жағдайда ғана жүргізіледі.