
Оқиға ағымдағы жылдың жазында орын алған. Ауру Федоров ауданындағы мал қорымының аумағында өлген ауыл шаруашылық жануарының мәйітін зерттеумен байланысты. Сиырдың патологиялық материалын тексергенде сібір жарасы расталмады. Мал қорымының аумағынан алынған 25 топырақ сынамасының нәтижесінде 14 оң ПТР нәтижесі алынған, нәтижесінде топырақта қоздырғыш спораларының бар екендігі анықталды.
Бүгінде бұл аумақта инфекция ошағын оқшаулау бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Сегіз адамнан тұратын байланысушы адамдар тобы айқындалды, барлық байланыста болған 8 адамға профилактикалық ем тағайындалды. Бекітілген эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес сібір жарасы көмулерінің кадастрына енгізе отырып, сібір жарасының жаңа топырақ ошағын қалыптастыру жоспарлануда.
Былтыр өңірде Денисов ауданында адамдардың ауруының бес жағдайы тіркелген. Дерттің барлық жағдайлары өлген ауыл шаруашылығы жануарларын күту, сою және мәйіттерін жоюмен байланысты болды. Бес жағдайда да сырқат адамдар сауығып шықты. Ағымдағы жылдың басынан бері облыста бір факті анықталды.
Бүгінгі күні Қостанай облысында стационарлық тұрғыда сібір жарасына тұрақты қолайсыз 156 пункті бар. Олар - ауру малдың күйдіргі қорымдары орналасқан елді мекендер. Барлық 308 бейіт биік бетон қоршаумен қоршалған және «Сібір жарасы» деген ескертулермен қамтамасыз етілген.
Сібір жарасы бойынша стационарлық-қолайсыз пункттердің қызметін бақылау мақсатында жыл сайын көктемгі-жазғы-күзгі кезеңде олардың аумағынан топыраққа зертханалық бақылау жүргізіледі.
Мал шаруашылығы өнімдерін сатып алудың стандартты қағидалары бар – тауарды ветеринариялық сараптамадан өтетін мамандандырылған базарларда немесе дүкендерде сатып алған жөн. Сүт және ет өнімдерін белгіленбеген сауда орындарынан және кездейсоқ адамдардан сатып алуға болмайды.