
2020 және 2021 жылдары Батыс Қазақстан облысында қышыма ауруы бір фактіден тіркелді. Жыл басынан бері үш оқиға орын алды: Орал қаласында, Ақжайық және Шыңғырлау аудандарында.
Науқастардың бәрі медициналық көмекке өздері жүгінген. Пациенттердің біріне стационарлық, екеуіне амбулаториялық емдеу жүргізілді. Қуанышқа орай, бәрі жазылып кетті.
Бұдан басқа, ошақта эпидемиологиялық тексеру ұйымдастырылып, науқастармен байланыста болған барлық адамдар медициналық бақылауға алынды. Үй ошақтарында да дезинфекция жүргізілді. Эпидемияға қарсы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жұқтырудың жаңа фактілері анықталған жоқ.
Сарапшылардың айтуынша, инкубациялық кезең орташа есеппен 8-12 күнді құрайды, кейде бірнеше сағаттан алты аптаға дейін де созылуы мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі - паразиттер енгізілген кезде пайда болатын, негізінен кешкі және түнгі уақытта мазлайтын қышу, өйткені бұл уақытта аналық қышыма кенесі ең белсенді.
Инфекция көзі – қышымамен науқастанған адам және оның жеке заттары. Мамандар бөтеннің төсек-орындары мен жуынатын заттарын пайдаланбауға шақырады.