
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығымен жаңа «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді, бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы күннен бастап «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 260 бұйрығының күші жойылады.
Жаңа санитариялық қағидалар радиациялық қауіпті объектілерге, оның ішінде:
- зерттеу мақсатындағы ядролық реакторларға қойылатын;
- ядролық медицина объектілеріне қойылатын;
- радиоизотоптық дефектоскоптарға қойылатын;
- сәулелік диагностика және терапия кабинеттеріне қойылатын;
- қалдықтарды РАҚ-қа жатқызу өлшемшарттарына және олардың сипаттамасына қойылатын;
- кеніштердің жер асты ұңғымалық сілтісіздендіру әдісімен кен өндіру полигондарын пайдалануға және осыларға ұқсас объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.