
Тұмау - адамдарға жынысы мен жасына қарамастан әсер ететін тыныс алу жолдарының жедел жұқпалы ауруы. Вирус адамнан адамға ауа тамшыларымен түшкіру немесе жөтел арқылы беріледі.
Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан жеті күнге дейін. Бастапқы белгілері: дене температурасының 39-40С дейін көтерілуі, маңдайдың айналасындағы ауырсыну, бас айналу, әлсіздік, буындардағы, сүйектердегі және бұлшықеттердегі ауырсыну. Өлім-жітімге де әкелуі мүмкін. Әдетте тұмау ауруының шарықтау шегі қыс кезеңіне сәйкес келеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұстанымына сәйкес тұмауға қарсы ең тиімді құрал вакцинация болып табылады. 2022-2023 жылдарға тұмауға қарсы вакцина сатып алуға және республика халқының неғұрлым осал топтарына иммундау жүргізуге «Гриппол+» вакцинасының 2 млн. 200 мыңнан астам дозасы сатып алынды.
Халықтың неғұрлым осал топтары - медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, алты айдан асқан әлсіреген және жиі ауыратын балалар, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар мен мүгедектер үйлерінің контингенттері, жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар вакцинацияланады. Халықты тұмауға қарсы егу барлық емханаларда жүргізіледі.
Сонымен қатар, мамандар алдын-алудың дәстүрлі әдістерін елемеуге болмайды дейді. Мысалы, иммунитетті арттыратын дәрумендер мен ақуыздарға бай пайдалы тағамдарды жеу керек. Бұл тізімге пияз, сарымсақ, ашытылған қырыққабат, мүкжидек, лимон, киви, мандарин, апельсин, грейпфрут, шөптер, итмұрын, қарақат, шырғанақ және құрамында С дәрумені көп басқа да тағамдар кіреді.
Белсенді демалыс туралы ұмытпаңыз. Таза ауада жиі болу ұсынылады. Бөлмені үнемі желдету және дымқыл тазалау да тиімді әдістердің бірі болып табылады. Эпидемиялық маусымда адамдар көп жиналатын жерлерде болуды шектеуге тырысыңыз.
Арнайы бақылаулар көрсеткендей, адамның қолы күніне 300 рет мұрын мен көзден бөлінетін сілекеймен байланысады. Сондықтан қолды сабынмен жиі және мұқият жуу керек, оданда жақсы антисептикпен өндеу, әсіресе науқасты күту кезінде.
Тұмау асқынулармен қауіпті екенін әрдайым есте ұстаған жөн, сондықтан тыныс алу органдарының ауруларының алғашқы белгілері пайда болған кезде сіз өзіңізді емдей алмайсыз, дереу дәрігермен кеңесу керек. Науқас үйде болған кезде оның оқшаулануын қамтамасыз ету керек, науқасқа да, сау адамға да маскалар қолдану керек.
Тұмау вирустарының қасиеттерін зерттеу мақсатында мутациялық өзгерістерді генетикалық зерттеу, вирустардың түрі мен шығу тегін анықтауға мүмкіндік беретін тұмау вирусы штаммдарының вирусқа қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау жүргізіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның аумағында бөлінген тұмау штаммының ремантадинге тұрақтылығы анықталды және вирусқа қарсы препараттарға: тамифлю мен релензаға сезімталдығы сақталды.
Ведомствоның деректері бойынша тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2021 жылдың қазан айынан бастап республика бойынша ЖРВИ-дің 3 млн 700 мың жағдайы тіркелді. Ал тұмаумен ауырғандардың саны 700-ден астам адамды құрайды. Науқастанғандардың негізгі бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар.