
Әкімдіктер қазіргі уақытта бюджет қаражаты есебінен Нұр-Сұлтан қаласында (250 төсек) және Түркістан облысының Сарыағаш қаласында (240 төсек) салынатын 2 перинаталдық орталықтың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуде.
Сондай-ақ, Алматы облысының әкімдігі мен Катар Даму Қоры арасында жасалған Меморандум аясында Алматы облысының Іле аудандық орталық ауруханасы жанынан перзентхана (125 төсек) салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Бірінші кезекте жобаларды перинаталдық орталықтары жоқ және перзентханалары 1960-1980 жылдары салынған ескі ғимараттарда орналасқан Атырау, Орал, Қостанай, Шымкент, Жезқазған, Қызылорда, Қонаев қалаларында іске асыру жоспарлануда.
Бұл ретте перинаталдық орталық корпусын көпбейінді ауруханалар құрамында салуға арналған «үлгілік» жобаны жергілікті мекенге одан әрі байланыстыра отырып тұрғызу көзделіп отыр, бұл қаржы шығындарын оңтайландыруға, сондай-ақ объектілерді жобалау, салу және пайдалану кезінде бірыңғай халықаралық стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді.
Стационарлық көмек көрсетудегі қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, бұл жобалар көпбейінді ауруханалардың жекелеген корпустары ретінде іске асырылмақ.