Қостанай облысының үш қоғамдық тамақтану объектісінде бұзушылықтар анықталды

Қостанай облысының үш қоғамдық тамақтану объектісінде бұзушылықтар анықталды

             Ағымдағы жылы Қостанай облысының үш қоғамдық тамақтану объектісінде санитариялық талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталды.

             Ең жиі бұзушылықтардың тізімінде: шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын тағамдарды сақтау қағидаларын бұзушылық, тамақ дайындау технологиясын бұзушылық, ас үйдің жұмыс орындарын өңдеуге арналған дезинфекциялық құралдардың болмауы, ыдыс-аяқ пен ас үй жабдықтарын жуу шарттарының бұзылуы, қызметкерлердің қолдарын жууға және гигиеналық өңдеуге арналған ұйымдастырылмаған орындар, сондай-ақ қызметкерлерге дұрыс рәсімделмеген медициналық кітапшаларсыз рұқсат беру.

             2020 жылдың қаңтар айынан бастап республикада шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий енгізілді.

             Осыған байланысты бүгінгі таңда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жалпы қолжетімді асханалардың, дәмханалардың, мейрамханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің кемінде 10%-ын бақылауды жүзеге асырады.

             Сонымен қатар, тексерулерді жоспарлау кезінде тәуекелге бағытталған тәсіл қолданылады. Бақылау кестесіне отыратын орындар саны 50-ден асатын қоғамдық тамақтану объектілері кіреді. Тексеру мерзімділігі жылына 1 рет.

             Адамдардың тамақтан улану жағдайларының тіркелмеуі – қоғамдық тамақтану әл-ауқатының басты статистикалық индикаторы болып табылады. Бұл ретте тамақтан улану жағдайлары үлкен және кіші қалаларға, елді мекендерге статистикалық тұрғыдан байланысты емес. Пойыздың мейрамханасында немесе ұшақ бортында да улануға болады.

             Азық-түлік қауіпсіздігі объекті жұмыскерлерінің, аспаздардың санитариялық қағидаларды, жеке және өндірістік гигиена қағидаларын сақтауынан қамтамасыз етіледі. Олардың таза қолдары – бұл қауіпсіз тағамның 30% кепілі. Жеткілікті термиялық өңдеуден өткен барлық өнімдер қауіпсіз екенін айта кету қажет. Кросс-инфекцияның көзі лас қолдар, ыдыс-аяқ, үстелдер, сондай-ақ мекемеге келушілер мен қызметкерлердің қолында бірнеше рет болған "мәзір" болуы мүмкін.

             Азық-түлік объектісінде тазалық индикаторының көрсеткіші ішек таяқшалары тобының бактериялары болып табылады, сондықтан санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басты міндеті бактериялық ластануды анықтау және ас үйдегі ең қауіпті нүктелерді белгілеу  болып табылады.

             Бұл бактерияларды іріктеп алынған микробиологиялық шайындылардың 5%-нан асырмай анықтауға жол беріледі. Бақылау объектілерінен алынған шайындыларда патогенді микроорганизмдердің болуына мүлдем жол берілмейді. Егер цифрлар көп болса, онда объекті адам өмірі мен денсаулығы үшін ықтимал қауіпті деп танылады, ал кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.