Дене белсенділігі мен көтеріңкі көңіл күй стресс пен аурудан қорғайды

Дене белсенділігі мен көтеріңкі көңіл күй стресс пен аурудан қорғайды

Тұмауды алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация болып табылады.Вакцина құрамындағы вирус ағзаны вирустардың көбеюіне және жасуша инфекциясының алдын алатын антиденелер түзеледі.

Осының арқасында аурудың басталуын алдын алуға болады. Вакцинация күз айында жасалады, себебі тұмау эпидемиясы, әдетте қараша мен наурыз айларында жиі болады. Вакцинациядан туындаған антиденелердің жоғары титрі бірнеше айға созылады және вакцинациядан кейін 6 айдан асса имундық жүйе әлсірей бастайды.
Вакцинация алғаннан кейін, адамның ауырып қалмайтындығына кепілдік бермейді, өйткені вирустар тез бейімделеді. Егер қандай да бір себептермен вакцинация уақтылы жасалмаса, оны тұмау эпидемиясы басталғаннан кейін де жасауға болады. Егер, тұмау вирусын жұқтырғаннан кейін, вакцина қабылдаса, онда әсері тиімсіз болуы мүмкін.
Көп жағдайда тұмау мен ЖРВИ вирусы ауа тамшыларымен таралады. Сондықтан тұмау эпидемиясынан қорғану үшін, үйдің тазалығын және жеке гигиенаны сақтау қажет. Үйге келгеннен кейін қолыңызды үнемі сабынмен жуған жөн. Бөлмені жиі желдетіңіз. Гипотермиядан аулақ болыңыз, өйткені әлсіреген денеге вирустар тез жұғады. Қоғамдық жерлерде, әсіресе эпидемия кезінде, сыртқы киімді үнемі жуып отырыңыз, себебі вирус ұзақ уақыт сырт киімде сақталуы мүмкін.

Денсаулықты жақсарту, спортпен айналысу, ағзаны шынықтыру және толыққанды тамақтану – тұмау мен басқа да жұқпалы аурулардың алдын алады. С витаминін жеткілікті мөлшерде қолдану, маңызды екенін ұмытпаңыз. Қажет болған жағдайда витамин кешендерін қабылдаған дұрыс. Демалыс тәртібі және қалыпты ұйқы, иммунитеттің кепілі.