Сұлулық салондары қандай санитариялық талаптарды сақтау керек?

Сұлулық салондары қандай санитариялық талаптарды сақтау керек?

             Қазір сұлулық салондары мен маникюр кабинеттері өте көп, әсіресе үлкен қалаларда, сондықтан әлеуетті клиенттерге таңдауға көп нәрсе бар.

             2021 жылы сұлулық салондарының қызметіне 4 шағым түсті (2020 жылы - 16), оның ішінде елеулі бұзушылықтарға байланысты тек 1 сұлулық салоны бойынша ғана әкімшілік жазалау шараларын қабылдаумен жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

             2022 жылдың ағымдағы кезеңінде сұлулық салондарының қызметіне 2 өтініш келіп түсті: Алматы қаласында гельді лакты алу кезінде болған химиялық күйікке (тексеру үшін негіз жоқ, растайтын квитанция жоқ) және объектіге жоспардан тыс тексеру жүргізілетін Нұр-Сұлтан қаласының сұлулық салонында шаш қию кезінде баланың бас терісінің зақымдалуына қатысты.

             Көріп отырғаныңыздай, санитариялық талаптарды сақтауға барлық сұлулық салондары жауапкершілікпен қарамайды. Келушілер неге назар аударуы қажет?

             Салонның ғимаратында ыңғайлы (қолайлы, жайлы) температура, жақсы жарық, тазалық болуы керек.

             Жұмысқа кіріспес бұрын, шебер қолдарын сабынмен мұқият жууы қажет.

             Құралдарды қалай дезинфекциялайтынына назар аударыңыз. Тарақтар, щеткалар, қырқуға арналған қайшылар ағынды судың астында жуылуы керек және дезинфекцияланған немесе зарарсыздандырылған болуы тиіс. Сондай-ақ, маникюр және педикюр құралдары да дезинфекциялық заттарды жұмыс ерітінділеріне батыру жолымен дезинфекциядан өткізіліп, содан кейін зарарсыздандырылуы керек. Бұл гепатит, АИТВ, туберкулез, саңырауқұлақ аурулары және басқа инфекциялардың таралуын болдырмау үшін қажет.

             Клиенттерге қызмет көрсету үшін бір реттік немесе қайта пайдалануға болатын таза сүлгі қолданылады. Бір рет қолданылатын зат процедурадан кейін жойылады, қайта пайдалануға болатын зат әр келушіден кейін жуылады.

             Парфюмерлік-косметикалық құралдардың сәйкестік туралы декларациясы болуы керек, сондай-ақ жарамдылық мерзімі шегінде пайдаланылуы тиіс.

             Айтпақшы, сұлулық салондарының қызметкерлері жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, медициналық кітапшалары болуы керек. Ереже лауазымы мен функционалдық міндеттеріне қарамастан барлық қызметкерлерге қолданылады.