Ақмола облысында құс тұмауын алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде

Ақмола облысында құс тұмауын алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде

Құс шаруашылығы мамандары бекітілген эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес жоғары патогенді құс тұмауының алдын алу үшін үнемі профилактикалық шараларды жүргізеді.

Одан бөлек, құс фабрикалары мамандарының ай сайынғы зерттеулері арқылы құс тұмауының пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін алдын-алу шараларын қарастырады. Осыған байланысты ай сайын 34 құс фабрикасында скрининг жүргізіледі, имундық ферменттерге талдау жасалып, қан арқылы анализі алынады.
Сонымен қатар, тауық өсірумен айналысатын барлық құс өңдейтін кәсіпорындарда вирустық инфекцияларға, оның ішінде құс тұмауына қарсы егу жұмыстары жүргізіледі.            Құс өңдейтін кәсіпорындарда, қызметкерлерінің жеке бас гигиеналарына қатаң талаптар қойылады.             Зарарсыздандыру және дезинфекциялау белгіленген кестелер мен нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Егер құс фабрикасында құс тұмауы анықталса, онда зарарсыздану жоспардан тыс жүргізіледі, ауру құстарды, қан шығармай өртейді. Еске сала кетейік, Ақмола облысында құс етін қайта өңдейтін 5 зауыт бар.