
Күннің жарық сәулесі өтпейтін және жоғары қысымнан пульс баяулайтын жерге түскенде шахтерлерге жер асты қызметін атқаруға тек мықты денсаулық көмектеседі.
Шахтерлердің жұмысы жоғары ылғалдылық жағдайында және ауа қозғалысының жоғары жылдамдығы, жиі салқын тию, ауыр физикалық күш салу және шаңдану жағдайында жұмыс істеуі салқын тиюіне ықпал етеді. Терінің мұндай шекті жағдайлары іріңді аурулар мен тері микоздарының дамуына әкелуі мүмкін.
Аяқтың микозы немесе басқаша атауы – аяқ зеңі ауруы 60%-дан астам шахтерлер арасында жиі кездеседі. Аяқ терісінің микозы өте жұқпалы ауру. Ол адамнан адамға тұрмыстық заттар: киім шешетін бөлмелердегі кілемшелер, өндірістегі себезгі, аяққа арналған отырғыштар, моншалардағы легендер мен төсемдер арқылы беріледі. Ортақ аяқ киім мен шұлықты пайдалану қауіпті. Үнемі жаңаратын терінің беткі қабатында көптеген саңырауқұлақшалар мен олардың споралары бар.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметкерлері арасында 2022 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша кәсіби іріңді аурулар мен тері жамылғысы микоздары тіркелген жоқ. ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары аурулардың алдын-алу үшін мыналарды ұсынады:
1. Жұмыс берушінің еңбек жағдайларын өндірістік бақылауды, қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылауды (алдын ала және мерзімді медициналық тексерулер, диспансерлік бақылау топтары, мақсатты медициналық тексерулер және т. б.), қорғаныс құралдарын бақылауды және ЖҚҚ қолдануды жүзеге асыруы, денсаулықты бұзу қаупі, қажетті қорғау және алдын алу шаралары туралы қызметкерлерді хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау (жаман әдеттермен күресу, дене шынықтырумен және кәсіби бағдарланған спорт түрлерімен айналысу) және сауықтырудың басқа да шаралары.
2. Жарақат алған жерлерге дезинфекциялық ерітінділерді қолдану арқылы тікелей жұмыс орнында ұсақ жарақаттарды емдеу, сондай-ақ жұмыстың алдында және жұмыс аяқталғаннан кейін эмульсиямен және сода ерітіндісімен тері қабаттарына жағу үшін қорғайтын жақпалар қолдану.
3. Қол жууды дұрыс ұйымдастыру, ал құм, үгінділер, керосин, бензин, ацетон қолдануға тыйым салынады. Жеке және қоғамдық гигиена дағдыларын қалыптастыру қажет. Жеке алдын-алу шараларына теріні таза ұстау, сабынмен үнемі жуу және киімді ауыстыру жатады. Өндірістік жағдайда ластанудан қорғау үшін арнайы киіммен қатар қолғап, комбинезон, алжапқыш және т. б. қолданылады.
4. Тері микозымен күресудің маңызды алдын-алу шарасы зеңге және бактерияға қарсы препараттарды қолдану болып табылады. Душта жеке тәпішкелерді пайдалану керек немесе әр ауысымнан кейін сулау керек. Табанның терісін, саусақаралық кеңістікті әр ауысымнан кейін кәсіпорынның медицина қызметкері дайындайтын сірке қышқылының ерітіндісіне батырылған жеке мақта таяқшаларымен өңдеу қажет.
5. Шұлықтарды әр қолданғаннан кейін ауыстыру қажет. Етіктерді, бәтеңкелерді кептіру, ашық күйінде сақтау қажет. Өзіңізді қайта жұқтырудан қорғау үшін зеңнен зардап шеккен аяқ киім мен заттарды зарарсыздандыру, сондай-ақ «зеңге қарсы қауіпсіздіктің» қарапайым қағидаларын сақтау керек.
6. Дененің қорғаныс функцияларын арттыруға бағытталған жалпы күшейтетін іс-шараларды (шыңдау, дене шынықтырумен, спортпен айналысу, таза ауада үнемі болу, толық ұйқы, күн мен тамақтанудың дұрыс режимі) жүйелі түрде өткізу.
Оңтайлы еңбек жағдайларын жасау, кәсіби және соматикалық сырқаттанушылықты төмендету үшін жұмыс берушілердің, қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың еңбек жағдайларын жақсарту мен қызметкерлердің денсаулығын сақтауда белсенді өзара іс-қимылы қажет.