
Оқушы үшін рюкзакты оқу жылы басталмас бұрын сатып алу маңызды.Баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі көбінесе оның сапасына байланысты.
Мектепте оқыған жылдары тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар саны 5 есе артады. Көбінесе балалар мен жасөспірімдер дәрігерлерге арқа, бел, мойын, бас ауруымен, ұзақ жүру кезінде шаршауға шағымданады. Денедегі барлық осы белгілер омыртқа проблемаларымен және дұрыс емес қалыптың пайда болуымен, сондай-ақ ауыр немесе дұрыс таңдалмаған рюкзактармен байланысты.
Сатып алу кезінде міндетті түрде төменде көрсетілген белгілерге назар аударуды ұмытпаңыз:
1. Таңбалауға.
Таңбалау бөлігіндегі бұзушылықтар жиі кездеседі. Сөмке қай елден? Белгісіз! Кім үшін? Ол да белгісіз! «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 007/2011 КО ТР сәйкес өнімде міндетті түрде таңбалау болуы керек: ақпаратқа сай, тексерілетін, оқылатын және қолжетімді. Көптеген рюкзактарды таңбалауда пайдаланушының жасы туралы ақпарат жоқ. Рюкзакты сатып алу кезінде, жапсырмада мақсаты (мысалы: «мектеп»), жасы (мысалы: 6+) көрсетілгеніне көз жеткізіңіз. Егер мақсаты мен жасы көрсетілмесе, бұл балаға арналмаған өнім болуы мүмкін. Есіңізде болсын, балаларға арналған өнімдерде сәйкестік туралы құжат болуы керек. Сатушы сатып алушының сұрауы бойынша осындай сертификатты ұсынуға міндетті.
2. Салмаққа.
007/2011 КО ТР сәйкес сөмкелердің, портфельдердің немесе рюкзактардың салмағы бастауыш сынып оқушылары үшін 700 г, орта және жоғары сынып оқушылары үшін 1000 г аспауы тиіс. Егер сіз балаға ұсынылғаннан гөрі ауыр сөмке сатып алсаңыз, кітаптар мен дәптерлері бар сөмкенің жалпы салмағы ұсынылған белгіден аспауына көз жеткізіңіз. Мысалы, бірінші сынып оқушысы үшін – 2,2 кг (есептік – 700 г рюкзак + 1,5 кг кітап), түлек үшін – 5 кг (1 кг рюкзак + 4 кг оқулықтар мен дәптерлер) қажет.
3. Рюкзактың арқасына, рюкзак пен белдіктердің өлшеміне.
007/2011 КО ТР сәйкес төменгі сынып оқушысына арналған рюкзактың арқасы формаға төзімді, қатты, майыспайтын, оқушының арқасына мүмкіндігінше сәйкес келуі және салмақты иыққа, белге және жамбасқа біркелкі орналасуы тиіс. Бастауыш сынып оқушысына арналған рюкзак мынадай параметрлерге сәйкес келуі тиіс: рюкзактың артқы жағының ұзындығы: 3-3,6 см, алдыңғы жақтың биіктігі: 2,2–2,6 см, ені: 6-10 см. Өлшемдерін 3 см-ден асырмай ұзартуға жол беріледі. Иық белдіктерінің астары желдетілетін матадан жасалуы тиіс. Белдіктер мықты бекітіліп, ұзындығы бойынша реттелуі маңызды. Белдіктердің бірінде жеке бөлікке ажырату болуы керек, соның арқасында рюкзакты кию және шешу оңай болады, ал белдіктің ұзындығын реттеуге арналған ілгектер немесе басқа құрылғылар рюкзактың түбіне бекітіліп, бала жарақат алмауы және киімін жыртып алмауы керек. Егер бала бастауыш мектепте оқитын болса, ортопедиялық арқасы бар рюкзактарға артықшылық беру керек;
4. Жарық шағылыстырғыш элементтердің болуына.
Жолдағы бала алыстан көрінуі тиіс. Қыста, күн кеш шыққан, ерте батқан кезде және балалар қараңғыда мектепке немесе мектептен келе жатқанда, шағылысатын элементтер тек киімде ғана емес, сөмкеде де болуы керек.
007/2011 КО ТР былай делінген: окушыларға арналған портфельдер мен сөмкелерде алдыңғы, бүйір беттерде және жоғарғы клапандарда шағылыстырғыш элементтері бар бөлшектер және (немесе) керек-жарақтар болуы және қарама-қарсы түстердің материалдарынан жасалуы керек. Бұл барлық рюкзактарға, тіпті жоғары сынып оқушыларына да қатысты. Рюкзак жасалған материал жеңіл, мықты, су өткізбейтін жабыны бар және тазалауға ыңғайлы болуы керек.
Құрметті ата-аналар! Рюкзактарды сатып алу кезінде асықпаңыз және таңдау кезінде мұқият болыңыз.