Жыл басынан бері тамақ өнімдерінен уланудан 461 адам зардап шекті.

Жыл басынан бері тамақ өнімдерінен уланудан 461 адам зардап шекті.

             2022 жылдың 7 айында ел аумағында жаппай тамақтан уланудың және ішек инфекциясының 25 жағдайы тіркелді, зардап шеккендер саны 461 адам, оның ішінде 101 бала. Оның ішінде 22 жағдай қоғамдық тамақтану объектісімен және ұйымдасқан ұжыммен байланысты.

             Олар Алматы («Чилсон» дәмханасы, Бесағаш ауылы, Талғар ауданы), Ақтөбе («Мейіз» дәмханасы, «SDN FOOD» ЖШС, Ақтөбе), Атырау («Afisha ATYRAU», «Sushi time Atyrau», Атырау қ., «КазПромСтройИнжиниринг» ЖШС, «ЮСС» және «COCR» ЖШС, Жылоой аудан), Ақмола («Туризм плюс» ЖШС-нің  «Дискавери-Боровое» ОСО, Щучинск қ.), Қызылорда («TSARS BURGTRS» ЖК, қоғамдық тамақтану, Қызылорда қ.), Қарағанды (FRIENDS «Есдәулет» сауда орталығы курьерлік жеткізіліммен, «Sushi_tema_karaganda», Қарағанды қ.), Қостанай («асханасы «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМҚК асханасы, Рудный қ.), Павлодар («EL-TAY» ЖШС-нің Grand Hall «ELTAU» мейрамханасы, «Мадлен» кондитерлік цехы, Павлодар қ.), Маңғыстау (Ақтау қ. «SAKI MAKI» дәмханасы), Батыс Қазақстан облыстарында («Болашақ» балабақшасы, Шыңғырлау ауданы) және Алматы, («Mega Center Алма-Ата» СОО-ғы «Ketchyp» тез дайындайтын мейрамханасы, «Бөбек» балабақшасы, Алматы қ.), Нұр-Сұлтан («VIP Кейтеринг» ЖШС, Бейбітшілік к., 11, «Okadzaki» суши-бары, Мәңгілік Ел даңғылы, 56 және Абай көшесі, 59, «KaRima» палау орталығы, Достық к.,12/1), Шымкент (ЖК Н.Г. Абенованың «Замира» кондитерлік цехы, Шымкент қ.) қалаларында тіркелген.

             Тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының негізгі себептері жеке гигиена қағидаларын сақтамау, тағам дайындау технологиясын, температуралық режимді, оларды тасымалдау мен сақтау жағдайларын бұзу және т. б. болып табылады.

             Жаппай тамақтан уланудың тіркелуінің барлық фактілері бойынша ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар жүргізді, тамақтан уланудың 11 жағдайы бойынша Қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде 11 қылмыстық іс қозғалды, 2 жағдай бойынша ӘҚБтК-нің 425-бабының 2-бөлігімен (460 АЕК, 620 АЕК мөлшерінде) сот шешімімен заңды тұлғаларға қатысты айыппұл салынып, жұмысы тоқтатылды, 4 жағдай бойынша лауазымды тұлғаларға, ЖК-ге ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен (230 АЕК мөлшерінде, қысқартылған өндіріс тәртібінде (115 АЕК) – 3) айыппұлдар салынды.

               Тамақтан улану және ішек инфекциясы мәселесі әсіресе жазда өзекті. Тамақтан улану - бұл белгілі бір микроорганизмдермен жаппай себілген немесе ағзаға улы микробтық немесе микробтық емес заттары бар тағамды тұтыну нәтижесінде пайда болатын жіті аурулар. Тағамдық уытты-инфекция және микробтық сипаттағы уыттану аса қауіпті.

              Тағаммен жіті ішек инфекцияларының қоздырғыштары: сальмонелла, эшерихия, иерсиния, шигелла (дизентерия қоздырғышы), ротавирустар, А гепатиті вирусы және басқалары берілуі мүмкін. Сондай-ақ азық-түліктерде немесе тағамдарда сақтау шарттары мен мерзімдері сақталмаған кезде жіті тағамнан улануды тудыратын – «тағамдық уытты-инфекция» түрлі микроорганизмдердің уыттары жиналуы мүмкін.

              Осыған байланысты ең қауіпті тамақ өнімдері - көп компонентті салаттар (ең алдымен майонез және қаймақ қосылған), кремі бар кондитерлік өнімдер, туралған ет пен балықтан жасалған бұйымдар (котлеттер, орамалар, пасталар), шаварма, желе және басқа өнімдер болып табылады. Нашар жуылған жемістер мен көкөністердің бетінде инфекциялық аурулардың қоздырғыштары, атап айтқанда вирустық инфекциялар қалуы мүмкін.

Тамақ өнімдері мен дайын тағамдардың микробтық ластануының себептері:

- тамақ шикізаты мен өнімдеріне түскен ауру тудыратын микроорганизмдерді жоймайтын өнімдерді жеткіліксіз жылумен өңдеу;

- азық-түліктің температурасы мен сақтау мерзімдерінің бұзылуы;

- дайын және шикі өнімдерді бірлесіп тасымалдау, сақтау, өңдеу және жіберу (шикі өнімдер дайын өнімдерді ластайды);

- тамақ өнімдерін өңдеумен және өткізумен айналысатын адамдардың жеке гигиена қағидаларын бұзуы.

              Сонымен қатар, өнімдердің сыртқы түрі мен дәмі олардың құрамында патогендік микробтар немесе олардың токсиндері көп болған жағдайда да өзгермеуі мүмкін.

             Азық-түліктен уланудың салдарымен күресуден гөрі олардың алдын алған жөн, сатып алудан бастап тамақтануға дейінгі барлық кезеңдерде алдын алу шаралары тамақтан улану ықтималдығын едәуір төмендетеді.         

Тамақтан уланудың және ішек инфекцияларының алдын алу үшін мынадай алдын алу шараларын сақтау қажет:

- рұқсат етілмеген сауда орындарынан белгісіз адамдардан тағам өнімдерін сатып алмау, бұл әсіресе тез бұзылатын тамақ өнімдеріне: сүт, сүзбе, қаймақ; үйде дайындалған кез келген тамақ өнімдеріне қатысты;

- тез бұзылатын тамақ өнімдерін (сүт және шұжық өнімдері, дайын салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер) және балалар тағамы өнімдерін сатып алған кезде сатылатын тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзіміне және осындай өнімдерді сақтау шарттарына назар аударыңыз;- жарамдылық мерзімі өткен және (немесе) тоңазытқыш жабдығынан тыс сақталған өнімдерді тұтынбаңыз;

- шикізат пен жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді тоңазытқышта сақтауды шектеңіз;

- тұтынар алдында көкөністерді, жемістерді, жидектер мен көктерді мұқият жуыңыз;

- бүліну белгілері бар жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алмаңыз және тұтынбаңыз;

- консервілердің герметикалығы бұзылған, бомбаждалған, тот басқан, деформацияланған, заттаңбасы жоқ консервілерді сатып алмаңыз;

                  - тамақ өнімдерін қаптамасының бүтіндігі бұзылған және таңбалау заттаңбалары (затбелгілері)жоқ жоқ өнімдерді сатып алмаңыз;

- тамақ дайындау кезінде жеке гигиенаны сақтаңыз: тамақ дайындауды бастамас бұрын және шикі өніммен жанасқаннан кейін әрқашан қолыңызды жуыңыз;

- тамақ дайындау үшін пайдаланылатын барлық беттерді және ас үй керек-жарақтарын жуғыш заттармен үнемі жуып тұрыңыз;

- шикі өнімдерді өңдеу үшін жеке пышақтар мен кесу тақталарын пайдаланыңыз;

- ішу үшін қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;

- қоздырғыштардың өлімін және олардың токсиндерінің жойылуын қамтамасыз ететін тағамды аспаздық термиялық өңдеуді мұқият жүргізіңіз - өнімдерді, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа, балықты мұқият қуырыңыз немесе қайнатыңыз;

- салаттар, туралған ет пен балықтан жасалған бұйымдар, желе, үйде аз мөлшерде, ыдыс-аяқтың қалдықтарын бір күннен артық сақтамаңыз. Егер дайын тағамды дүкеннен сатып алсаңыз, дайындалған күні мен уақытына, сақтау шарттары мен сату мерзіміне назар аударыңыз;

- тез бұзылатын тағамдар мен дайын салаттарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамаңыз, себебі бұл бактериялар мен токсиндердің жиналуына әкелуі мүмкін;

- торттарды, кремі бар торттарды тек тоңазытқышта сақтаңыз, бұл тез бұзылатын тағам екенін ұмытпаңыз;

- жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмаңыз. егер дайын тағам басқа күні қалса, оны қолданар алдында оны термиялық өңдеуден өткізу керек (қайнатыңыз, қуырыңыз);

- азық-түлікті жәндіктерден, кеміргіштерден және басқа жануарлардан қорғалған жерде сақтаңыз.

 

Құрметті азаматтар!

              Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сізді жоғарыда көрсетілген қағидаларды ескеруге және денсаулығыңызға қауіп төндірмеуге шақырады. Тамақтан уланудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралыңыз.