Оңтүстік мегаполисте сальмонеллез ауруы 5 есе өсті

Оңтүстік мегаполисте сальмонеллез ауруы 5 есе өсті

             Алматы қаласында 2022 жылдың 7 айында сальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда - 0,51 құрады. 2021 жылғы ұқсас кезеңдегі 0,10 көрсеткішке қарағанда сальмонеллезбен сырқаттанушылық 5,1 есе өсті. Сальмонеллезбен ауыратындардың жалпы санынан 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 54,5% құрады, бұл өткен жылдың деңгейінде.

             Контингенттер бойынша ұйымдастырылмаған балалардың үлес салмағы – 54,5%, жұмыссыздар – 27,2%, қызметшілер – 9,09%, студенттер – 9,09% құрады.

             Науқастардың сауалнамалары бойынша сальмонеллезді жұқтырудың негізгі жолы 81,8% тамақ болып қалуда, оның ішінде 18,2% аурудың инфекция көзі анықталды және 18,2% ұйымдастырылмаған балалардың ата-аналарының жеке гигиенаны сақтамауымен байланысты.

             Сальмонеллезбен ауыру 63,6% үйде дайындалған өнімдермен, 18,2% қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақ ішумен, 18,2% жеке гигиенаны сақтамаумен байланысты. Сонымен қатар, инфекцияның берілу факторлары 27,2% тауық жұмыртқасы мен құс өнімдері, 54,5% сиыр етінен жасалған өнімдер болды.

             Осыған байланысты Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері келесідей ұсынымар береді:

- дәретханаға барғаннан кейін және тамақтанар алдында қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз;

- тез бұзылатын өнімдерді сақтау шарттарын қатаң сақтаңыз;

- шикі тағамдар мен дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз;

- рұқсат етілмеген сауда орындарынан ет, ет өнімдерін, құс етін, жұмыртқаны, сүт өнімдерін сатып алмаңыз;

- жартылай шикі тағамдарды жеуге болмайды, ет тағамдары мен құс тағамдарын дайындау кезінде температура режимін сақтаңыз;

- дүкеннен әкелгеннен кейін жемістерді, көкөністерді, қарбыздар мен қауындарды, сондай-ақ тауық жұмыртқаларын ағынды судың астында мұқият жуыңыз;

- ас үй ыдыстарын мұқият жуып, қайнаған суға батырыңыз.

             Балалар арасында аурудың алдын алуға ерекше назар аудару қажет, бұл ретте аналар, әсіресе, өмірінің алғашқы жылында балаларды күту және тамақтандыру бойынша дәрігерлердің ұсынымдарын мүлтіксіз орындауы қажет.