
Ағымдағы жылы өңірде бруцеллездің 26 жағдайы тіркелді, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 6 жағдайға көбірек. Павлодар, Екібастұз қалаларында, Ақтоғай, Ертіс, Май, Успен және Аққулы аудандарында аурушаңдықтың өсуі байқалады.
Эпидемиологиялық тексеру барлық жағдайларда инфекцияның көзі – ауыл шаруашылығы жануарлары екендігін көрсетті.
Анықтама үшін: бруцеллез – бұл ауыр жұқпалы ауру, онда тірек-қимыл жүйесі, жүйке және жыныстық жүйелер және басқа органдар зақымданады. Алғашқы күндері науқастарда қызу көтеріліп, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің болмауы байқалады. Содан кейін бас ауруы, ұйқысыздық, дене қызуы пайда болады. Уақтылы емделмеген жағдайда бруцеллез созылмалы түрге өтіп, мүгедектікке әкелуі мүмкін.
Инфекция жұқтыру өте оңай – қоздырғыш зақымдалған теріге, ауыздың, мұрынның және көздің шырышты қабаттарына енеді. Тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы бруцеллалар ауру жануарлар ұсталатын үй-жайды жинау кезінде, олардың жүні мен терісін бөлшектеу кезінде шаң жұтқан кезде ағзаға түсуі мүмкін. Ауру жануарлар төлдеу кезінде адамдар үшін ең қауіпті – бұл уақытта сыртқы ортаға көптеген микробтар шығарылады.
Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары алдын алу шараларын сақтауды ұсынады - ауыл шаруашылығы жануарларын күту кезінде жеке қорғаныс құралдарын, яғни қолғаптарды, респираторларды, арнайы киімді пайдалану, ал жұмыс аяқталғаннан кейін қолды сабынмен тазартып жуу қажет. Сонымен қатар, ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы жыл сайынғы вакцинация рәсімін өткізіп алмау керек, ал жануарлардың күтіміне жауапты жұмысшылар міндетті түрде медициналық тексеруден өтуі керек.
Сондай-ақ, ет және сүт өнімдерін қатаң белгіленген орындарда, яғни рұқсат етілген базарларда, дүкендерде немесе супермаркеттерде сатып алуды ұсынамыз. Ет немесе сүт сатып алғанда, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап ету қажет, шикі сүтті, нашар пісірілген немесе қуырылған етті, бабы келмеген ірімшіктер мен сүзбе ірімшіктерді тұтынбаңыздар.