Мектепте және балабақшада үй-жайды желдету не үшін қажет

Мектепте және балабақшада үй-жайды желдету не үшін қажет

             Ақтау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына балабақша меңгерушілері мен мектеп басшылары тарапынан үй-жайларды қалай және қандай кезеңділікпен желдету және оны қалай жасау керектігі туралы жиі сұрақтар қойылады. Ауаны зарарсыздандыру үшін арнайы құралдар мен рециркуляторларды қолдану керек пе?

             Ақтау қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына метеорологиялық факторлардың 417 өлшемі жүргізілді, оның ішінде 24 мектеп, 3 балабақша зертханалық өлшемдер көрсеткіштері барлық гигиеналық нормативтерге сәйкес болды.

             Желдету және ылғалды тазалау режимі бойынша білім беру ұйымдарына арналған ұсынымдар:

             ЖРВИ, тұмау ауруларының маусымдық өсуіне және жаңа коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің сақталуына байланысты балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру ұйымдарында (мектептер, балабақшалар) микроклиматтың нормаланатын параметрлерін (температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы) сақтау мәселесі ерекше өзекті болып табылады.

             Адамдардың тіршілік әрекеті нәтижесінде үй-жайлардың ауасына теріден, лас киімнен, тамақ қалдықтарынан бөлінетін заттар енеді; температура мен ылғалдылық жоғарылайды, көмірқышқыл газының концентрациясы артады. Егер топта, сыныпта ауру балалар болса, онда жөтел, түшкіру кезінде вирустар мен бактериялар ауаға енеді.

             Жабық ауада әрдайым шаң болады, ауамен бірге шаң бөлшектері баланың тыныс алу жолына түседі және ересектерге қарағанда нәзік шырышты қабығын механикалық түрде тітіркендіреді.

             Ауа сапасының дәрежесі балалардың санына және олардың бөлмеде болу ұзақтығына тікелей байланысты.

             Баланың қоршаған ортамен жылу алмасуында ылғалдылық пен ауа қозғалысының жылдамдығы өте маңызды. Ылғалдылықтың жоғарылауы да, төмендеуі де баланың денесіне теріс әсер етеді. Балалар ұйымдарының үй-жайларында оңтайлы ауа режимін сақтау үшін пайдаланылған ауаны үнемі шығару және оны сыртқы ауамен алмастыру маңызды.

             Мектеп. Барлық үй-жайлар күн сайын желдетілуі керек. Оқу үй-жайлары үзіліс кезінде, ал рекреациялық бөлмелер сабақ уақытында желдетіледі. Сабақтар басталғанға дейін және олар аяқталғаннан кейін үй-жайларды тікелей желдетуді жүзеге асыру қажет (оқудың 2 ауысымы болған жағдайда – әр ауысымнан кейін).

             Балабақшалар. Топтық желдету балалар болмаған кезде әрбір 1,5 сағат сайын кемінде 10 минут жүргізіледі және олар серуеннен немесе сабақтан келгенге дейін 30 минут бұрын аяқталады. Жатын бөлмелерді желдету балаларды төсекке жатқызғанға дейін жүзеге асырылады.

             Өтпелі желдетудің ұзақтығы ауа-райы жағдайымен, желдің бағытымен және жылдамдығымен, жылыту жүйесінің тиімділігімен анықталады. Желдету кезінде үй-жайдағы ауа температурасын қысқа уақытқа, бірақ 2°С-тан аспайтындай төмендетуге жол беріледі.

             Балалардың қатысуымен үй-жайларды тікелей желдетуге, дәретхана бөлмелері арқылы желдетуге жол берілмейді.

             Жақсы жылыту, желдету жүйесінің тиімді жұмыс істеуі, үй-жайларды желдетуді дұрыс ұйымдастыру кезінде микроклиматтың нормативтік параметрлерін қамтамасыз ету қиын емес. Бұл дегеніміз, білім беру ұйымында балалар қолайлы жағдайда бола отырып, ауруларға, оның ішінде жұқпалы ауруларға шалдығу деңгейі төмен болады.