
Қостанай облысында адамдар арасында бруцеллезге шалдығу жағдайлары жыл сайын тіркеледі. Ағымдағы жылдың сегіз айында өңірде бұл инфекциямен сегіз адам ауырды. Бүгінде бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жеті жағдайға көп.
Көптеген жағдайда инфекция бруцеллезбен ауыратын малды күту кезінде және термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерді пайдалану салдарынан пайда болады.
Бруцеллез – созылмалы түрге өту мүмкіндігі жоғары жіті инфекциялық-аллергиялық дерт. Бұл ауру ұзақ, емделуі қиын, барлық органдарға әсер етеді.
Адамдар үшін инфекция көзі - қой, ешкі, ірі қара болып табылады. Жылқыларда, иттерде және шошқаларда бруцеллез сирек анықталады.
Ауру малдар жаппай төлдеу кезеңінде адамдар үшін аса қауіпті. Сонымен қатар, инфекция жануарларды сою, етін турау, сүт және ет өнімдерін пайдалану кезінде жұғуы мүмкін. Бас ауруы, 39 градусқа дейінгі температура, терлеу, буындардың ауыруы деген алғашқы белгілер 15-30 күн өткен соң ғана пайда болады.
Микроб адам ағзасына шырышты қабаттар мен тері арқылы енеді. Сондықтан жануарлардың төлдеуі барысында жұмыс киімдерін (халат, алжапқыш, етік) және қолғаптарды пайдалану керек. Қолды сабынмен жиі жуып, дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу керек.
Егер сіздің төрт түлігіңізде бруцеллез расталса, оны мүмкіндігінше тезірек сою керек, ал сіз міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Ауру неғұрлым тезірек анықталса, соғұрлым тезірек емделеді.
Жануарлардағы аурудың негізгі белгілері мен адамдардағы инфекцияның сипаттарын біле отырып, сіз дерттің бар-жоғын дер кезінде біліп, өз денсаулығыңыз бен жақындарыныздың денсаулығын қорғау бойынша уақтылы шаралар қабылдай аласыз.