
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында меншік нысанына қарамастан 1 419 медициналық ұйым бар. Оның ішінде 301 стоматологиялық клиника мен кабинет бар. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі осы жылдың 7 айында өңірдегі 355 медициналық объектіні тексерді.
Тексеру қорытындысы бойынша бірнеше кемшіліктер анықталды. Олар:
- санитариялық-техникалық жай-күйі бойынша сәйкессіздік;
- сору-сыртқа тарату желдеткіші жұмыс істемейтін күйде;
- ыстық су жоқ;
- медициналық қалдықтарды жинауға және сақтауға қойылатын талаптарды сақтамау;
- материалдық-техникалық жай-күйі бойынша сәйкессіздік (дезинфекциялық камералар жоқ).
Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 33 049 470 теңге сомасына 217 айыппұл санкциясы салынды. Бұзушылықтарды жою бойынша 144 санитарлық ұйғарым берілді.
Санитариялық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық-стерилизациялық талаптарды сақтау маңызды: егер бұлай жасалмаса, денсаулық сақтау объектілерінде өршитін инфекциялық аурулардың таралу және тіркелу қаупі артады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті медициналық ұйымдардың басшылары мен медицина қызметкерлерін осы саладағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен қағидаларды сақтауға шақырады. Сонымен қатар, бейінді салалар бойынша функционалдық міндеттерге сәйкес жұмыс істеу аса маңызды.