
Дене қызуы, іштің жиі өтуі сияқты, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының пайда болуы бұл жіті ішек инфекциясының басты белгілері. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастағаннан дәрігерге көріну керек. Дәрігер келгенше мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, көбірек ішкен дұрыс. Өздігінше емделу аурудың асқынуына әкеліп соғуы немесе созылмалы формаларына ұласуы мүмкін.
Жазғы кезеңде және көктем маусымында жедел ішек инфекциясының таралуы арта түседі. Жалпы аурудың бұл түрінің негізгі инфекция көзі – көбінесе үй жануарлары, балық, тышқан мен егеуқұйрықтар.
Атырау облысының аумағында 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша жедел ішек ауруының 153 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдық көрсеткіші – 22,9 құрады (2021 жылдың 7 айында – 164 жағдай, аурушаңдық көрсеткіші – 24,6).
Ішек инфекцияларының пайда болуының алдын алу үшін тағамдық азық-түліктердің сапасы өте маңызды – көптеген тағамдарда бактериялар өміршеңдігін сақтап қана қоймай, олар науқас адамның қолымен тағамды ауызына апарғанда асқазан-ішек жолына кір қолы арқылы, ластанған су арқылы, сапасыз азық-түліктер арқылы түсіп қарқынды түрде көбейеді.
Әсіресе тұтынар алдында термиялық өңдеуден өтпейтін тағамдар өте қауіпті. Ондай тағамдарға салаттар, винегреттер, сондай-ақ жеміс-жидектер жатады. Салаттар мен винегреттерді, әртүрлі тұздықтар мен гарнирлерді тоңазытқышсыз түнге қалдыруға болмайды. Жаз және күз маусымында сүт пен сүт өнімдерінде бактериялардың көбеюіне қолайлы жағдайлардың туындайтынын білу керек. Жеке адамдардан сатып алған құйылып сатылатын сүтті міндетті түрде қайнату керек. Ал пастерленген ірімшіктен пісірмелер, пудингтер, сырниктер дайындаған дұрыс. Дайын тағам өнімдерін міндетті түрде тоңазытқышта беті жабық ыдыста, шикі мен дайын тағамды бөлек ыдыста сақтау керек, оларды бөлек тақтайларда арнайы пышақтармен бөлу керек. Осындай қарапайым қағидаларды сақтау өзіңіздің және туыстарыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі!