
Балалардағы темір тапшылығы анемиясы - бұл қабылдау, cіңіру және жұмсау процестерінің теңгерімсіздігі салдарынан болатын организмдегі темір жетіспеушілігі кезінде дамитын клиникалық-зертханалық синдром.
Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылы темір тапшылығы анемиясы (бұдан әрі - ТТА) 6850 балада анықталды (2020 жылы - 7141), яғни 0-ден 14 жас аралығында. Балалар арасында ТТА таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда – 2623,3 (2020 жылы – 2734,8) құрады. Әйтеке би (2021ж. – 3333,3), Алға (2021ж. – 4102,2), Ырғыз (2021ж. -3047,5), Қарғалы (2021ж. -4147,0), Қобда (2021ж. – 2813,1), Мұғалжар (2021ж. – 3206,7), Темір (2021ж.- 3174,7), Ойыл (2021ж.- 5327,4), Хромтау (2021ж. -2772,1), Шалқар аудандарында (2021ж. – 4734,9) балалар арасында ТТА таралуының облыстық көрсеткішінен жоғары болған.
Темір тапшылығының салдары өте жағымсыз, ағзада темір жетіспеген кезде жасушалардың оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылады, иммунитет төмендейді, салдарынан жұқпалы аурулармен ауыру қаупі артады. Балалардың өсуі мен ақыл-ой дамуы тоқтап, шаршағыштығы жоғарылап, оқу үлгерімі нашарлайды, үлкен балалар мен ересектер үнемі шаршайтынына шағымданады, тіндер мен мүшелерде жағымсыз өзгерістер болады.
Балаларда ТТА пайда болу себептері: дұрыс тамақтанбау, темір тапшылығы, қанның көп мөлшерде жоғалуы (жарақат салдарынан), өсудің жедел қарқыны және оның жоғалуы аясында темірге деген қажеттіліктің жоғарылауы, қозғалыссыз күйде ұзақ болу, таза ауада сирек серуендеу, темірдің жеткілікті мөлшерін сіңіру үшін қажетті дәрумендердің, ең алдымен В12 және С тапшылығы болып табылады.
Балалар арасында ТТА алдын алу.
Балалар үшін ең маңыздысы - рацион. Құрамында темірі бар жасыл жемістер мен көкөністер (ет, бауыр, ірімшіктер, сүзбе, қарақұмық және бидай жармасы, бидай кебекі, жұмыртқаның сарысы, кептірілген өрік, қара өрік, кептірілген итмұрын) мүмкіндігінше көп болуы керек. Сондай-ақ, алдын алу үшін барлық В дәрумендерімен бірге фолий қышқылы бар мультивитаминді кешендерді қабылдау қажет.