Вакцинация коронавирустан кейінгі синдромның пайда болу қаупін және оның ауырлығын төмендетеді

Вакцинация коронавирустан кейінгі синдромның пайда болу қаупін және оның ауырлығын төмендетеді

             Нидерланды ғалымдары The Lancet ғылыми журналында постковидті синдром туралы зерттеулердің максималды тізімін жариялады. Олар вакцинация асқыну белгілерін жеңілдетуге де, олардың пайда болуынан қорғауға да көмектеседі дейді.

             Ғалымдардың пікірінше, коорнавирустан кейінгі синдром ауырғанға дейін вакцинацияланған адамдарда аз кездеседі. Сондай-ақ, аурудан кейін вакцинация симптомдардың ауырлығын жеңілдетеді деп айтуға негіз бар.

             Бүгінгі күні бұл жағдайдың белгілерін жеңілдететін басқа дәлелденген құралдар жоқ.

             Сонымен қатар, зерттеушілер өздерінің түсініктемелерінде постковидті синдром бір емес, бірнеше ауру болуы мүмкін, олардың әрқайсысы коронавирустан туындаған зақымданудың салдары екенін атап өтті.

             Сондай-ақ, Нидерланды ғалымдарының пікірінше, Омикрон нұсқасымен ауырғандарда коронавирустан кейінгі синдром сирек кездеседі.