
Павлодар облысында коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу және медициналық ұйымдардың аймақ тұрғындарына көмек көрсетуге дайындығы мәселелері төңірегінде санитарлы-эпидемияға қарсы және санитарлы-профилактикалық іс-шаралар бойынша оқыту семинары өтті.
АСКК ұйымдары, тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары коронавирусты инфекция бойынша ҚХР эпиджағдай, тұрғындардың көшіп-қонуы, вирустық инфекциялардың Қазақстан аумағында маусымға қарай көп тіркелу жөнінде қажетті ақпарат алды.
Семинар қатысушылары коронавирусты инфекцияға күдіктілік кезінде басқа елдерде оны анықтау, тіркеу, алдын алу, эпидемияға қарсы іс-шаралар қызықтырды. Түрлі жағдайлардың орын алуына талдау жүргізілді. Дәрігерлер ерекше назарды коронавирусты инфекцияның клиникалық көріністеріне, анықтау, емдеу әдістеріне, зертханалық диагностика жүргізуге аударды.
Коронавирусты инфекцияның белгілері ЖРВИ, ЖРА, тұмау белгілеріне ұқсастығы айтылды – жоғары температура, құрғақ жөтел, қалтырау, ауыр демалу. Ауыр жағдайларда инфекция өкпе қабынуына, ауыр өткір респираторлы синдромға, бүйрек жетіспеушілігіне және өлімге әкеледі.
Алдын алу шараларына бірреттік маскаларды қолдану, қолды жуу, теңіз өнімдері, жануарлар және құс нарығына бармау шаралары жатады.
Оқыту семинары аймақтың денсаулық сақтау басқармасы негізінде өтті, Павлодар облысы тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен ұйымдастырылды.