Ақтөбе облысында медициналық бетперделер бағасының тұрақтылығын ұстап тұру бойынша меморандумға қол қойылды

Ақтөбе облысында медициналық бетперделер бағасының тұрақтылығын ұстап тұру бойынша меморандумға қол қойылды

Бүгін Ақтөбе облысы әкімдігі, фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Қауымдастығының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту Қауымдастығына кірмейтін субъектілер және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің арасында медициналық бұйымның бағасын ұстап тұру мәселесі бойынша үшжақты Меморандумға қол қойылды.


Құжат Тараптарды бөлшек сауда желісі үшін бір бірлік үшін 30 теңгеден, көтерме қоймаларға 15 теңгеден аспайтын бағаны ұстап тұруға міндеттейді.


31-қаңтардағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында дәріхана ұйымдары мен көтерме қоймаларында 166 000 медициналық бетперде бар. Естеріңізге сала кетейік, тағы 136 000 данасы жеткізілуі күтілуде.