
Ақмола облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері «Таза қолдар» акциясын өткізді, оның мақсаты – Көкшетау қаласы тұрғындарының жіті респираторлық вирустық инфекциясының (ЖРВИ) және тұмауының алдын алу.
«РИО» сауда және ойын-сауық орталығында және «Рубин» мен «Салтанат» сауда үйлерінде, Көкшетау қаласының «Орталық базарының» асханалары мен павильондарында мамандар сауда орындарының сатушыларына жеке гигиена ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
Сондай-ақ, акция ұйымдастырушылары респираторлық этикет нормалары, жұқпалы аурулардың белгілері, алдын алу шаралары туралы және әлсіздену жағдайда дәрігерге қаралу қажеттілігі туралы қолжетімді нысанда айтып берді.
Біздің күнделікті өмірде қарапайым және маңызды ережелер туралы ақпаратты бекіту үшін буклеттер мен постерлердің таратуы жүргізілді.