РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАҢА ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАТИВТЕРІ БЕКІТІЛДІ

РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ЖАҢА ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАТИВТЕРІ БЕКІТІЛДІ

             Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығымен жаңа Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық нормативтері бекітілді, бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

             Осы күннен бастап «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығының күші жойылады.

Жаңа гигиеналық нормативтері адамға әсер ететін иондаушы сәулелену көздерінің мынадай түрлеріне:

1) сәулеленудің техногендік көздерін қалыпты пайдалану жағдайында;

2) радиациялық авария нәтижесінде;

3) сәулеленудің табиғи көздерінде;

4) медициналық сәулелену кезінде қолданылады.

             Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын нормативтер сәулеленудің әрбір түріне қалыптастырылған. Сәулеленудің барлық түрінің жиынтық дозасы радиациялық жағдайды және күтілетін медициналық зардаптарды бағалау, сондай-ақ қорғаныш іс-шаралары мен олардың тиімділігін бағалау үшін қолданылады.