ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ, ӨНЕРКӘСІПТІК ҰЙЫМДАР АУМАҚТАРЫНДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЖАҢА ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАТИВТЕРІ БЕКІТІЛДІ

ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ, ӨНЕРКӘСІПТІК ҰЙЫМДАР АУМАҚТАРЫНДАҒЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫҢ ЖАҢА ГИГИЕНАЛЫҚ НОРМАТИВТЕРІ БЕКІТІЛДІ

             Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығымен жаңа Қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіптік ұйымдар аумақтарындағы атмосфералық ауаның гигиеналық нормативтері бекітілді, бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

             Осы күннен бастап «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауасының гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 168 бұйрығының күші жойылады.

Жаңа гигиеналық нормативтерімен:

1) қалалық және ауылдық елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануы;

2) жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануы;

3) қоршаған орта объектілеріндегі сұйық зымыран отындары компоненттерінің және олардың трансформациялану өнімдерінің рұқсат етілетін шекті шоғырлануы бекітілген.