Аурудың алдын алу оңайырақ! Сіреспеге қарсы қандай алдын алу шараларын есте сақтау керек.

Аурудың алдын алу оңайырақ! Сіреспеге қарсы қандай алдын алу шараларын есте сақтау керек.

             Бүгінгі күні Ақмола облысында сіреспе ауруының жағдайлары тіркелген жоқ. Өңірдегі осы ауру бойынша қолайлы жағдай сіреспеге қарсы жыл сайынғы жоспарлы вакцинация есебінен қамтамасыз етілді.

             Бірақ оның пайда болу қаупі үнемі бар. Спора түзетін сіреспе қоздырғышы барлық жерде кездеседі, инфекция қоздыру қабілетін жоғалтпай көп жылдар бойы топырақта сақталады. Тіршілік процесінде адам жермен тығыз байланыста, күнделікті өмірде тері қабаттары зақымдалуы мүмкін.

             Сіреспе – жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Сіреспе бактериясы адамның ағзасына терінің тілінуі немесе жара арқылы түседі, алайда шеге немесе өткір жүздің терең жарақатынан аса жоғары қауіп төнеді. Сіреспенің бактериясы барлық жерде бар: олар көбінесе жерде, шаңда және  қида болады. Сіреспенің таяқшасы кәдімгі зарарсыздандыру заттарынан жойыла қоймайды, олар қайнатудан кейін де тірі болып қалады.

             Сіреспенің өршуінің алғашқы белгілері 5 тәуліктен кейін көрінуі мүмкін. Инфекцияның инкубациялық кезеңі бір аптадан бастап бір айға дейінгі мерзімді құрайды. Сіреспенің бастапқы кезеңінде ең алғашқы белгі инфекцияның кіру аумағында, кейбір жағдайда толықтай жазылып кеткен жараның созылмалы ауырсынуы байқалады. Сіреспе өршуінің ең басты симаттамаларының бірі – біруақытта бет бұлшықеттерінің тырысуы пайда болуы. Басында адам үнемі күлімсіреп тұрғандай болып көрінеді, алайда көрінген күлімсіреуге тырысу себепші болады. Егер өршудің осы кезеңінде дәрігер көмегіне жүгінбесеңіз, келесі кезең – қол-аяқтан басқа дененің барлық бұлшықеттерінің тырысуы басталады. Тырысу диафрагма бұлшықеттеріне тараған кезде адам жеңіл тыныс ала алмайды. Содан кейін, мойын бұлшықеттері тартылып баспа кезіндегідей тамақ ауыра бастайды, сол себепті көп адамдар баспаны емдей бастайды. Тұншығудан өліп кетпес үшін, бет бұлшықеттерінің бірінші тырысуы пайда болған кезде дәрігерге қаралу керек, ол сіреспеге қарсы сарысу егіп береді. Сіреспе негізінен ауыр түрінде жүреді және бұдан өлім-жітім деңгейі жоғары.

             Сіреспенің алдын алу – бұл белсенді түрде иммундау немесе вакцинациялау.  Егу баланың  екі айлығынан бастап (АбКДС – вакцинасы) кейіннен 18 айлығында және 6 жасында, ал содан кейін әр 10 жыл сайын  ревакцинациялау жүргізіледі.   

             Тері мен шырышты қабығының бүтіндігі бұзылған кез келген жарақат пен жаралар, II-IV дәрежедегі үсу және күю, жануарлардың тістеуі, ішекке кіретін зақымдар, ауруханадан тыс түсіктер, медициналық мекемелерден тыс босану, гангрена және терінің некрозы кезінде шұғыл түрде сіреспенің алдын алу схема бойынша жүзеге асырылады. Сіреспенің шұғыл иммундық профилактикасын тез арада және сіреспе ауруы кезінде инкубациялық кезеңнің ұзақтығын ескере отырып, жарақатты алған кезден бастап 20-шы күнге дейін жүргізу қажет.

             Аурудың алдын алу оңайырақ, қырағы болыңыз және сіреспеге қарсы профилактикалық шараларды есте сақтаңыз.